Чемпион болу үшін тақырбас болу керек пе?

Шашын қырып тастау - Шотландияның соғыс бастағанын білдіретін белгі. Бүгін бұл команда плэй-офф кезеңіне шығу үшін Хорватия құрамасымен соғысатын болады.
Чемпион болу үшін тақырбас болу керек пе?

Шотландия құрамасының шабуылшысы Линдон Дайкс Еуро-2020 турнирі басталмас бұрын шашын қырып тастады, тіпті командаластарын да шаштарын алуға мәжбүрледі. Дайкстің бұл әрекетінің шынымен де мән-мағынасы бар екен, себебі бұған дейін көптеген футболшылар осыған ұқсас рәсімдерді ұйымдастырған.

Линдон Дайкстің айтуынша, бұл жай ғана имидж емес. Ол өзін нағыз шотланд жауынгерімін деп санайды және Еуро-2020-да ерекше рухпен ойнамақ. Шашын толықтай алып тастау - Шотландияның соғыс жариялағанын білдіретін белгі. Дайкс Шотландияны азат ету туралы аңызға әбден қаныққан, ол кезде ел қаһармандары жауды қорқыту үшін шаштарын қырып тастаған. Ал қазір Линдон топтағы қарсыластарын қорқытуға тырысуда.

Ойыншы өзінің басы шынымен де командаға көмектеседі деп есептейді, әйтпесе олар Англиямен тең ойнай алмас еді? Дайкс өзінің имиджін өзгерту арқылы ерекше рәсімнің бастамашысы болды және ол өзін бұл әрекеті үшін мақтан тұтады және өзіне дән риза. "Мен шашымды алып тастадым, қарсыластар мені көріп: "бұл жігіт байсалды, ол соңына дейін күреседі!" деген ойға келеді" - деп түсіндірді шабуылшы бұл әрекетін.

Командаға бұл қалай әсер етті?

Шотландия құрамасы Дайкстың бұл әрекетіне әзілмен жауап берді. Алайда, Линдон қалған ойыншыларды өзіне қосылуға көндіре бастағанда, бұл идея ақылға қонымсыз болып көрінді. Линдон барлық командаластарының шаштарын алып тастауын қалады: "Бүкіл команда менен үлгі алса, біздің қарсыластарымыз тіпті алаңға шығудан қорқатын еді", - деп пікір білдірді.

Команда бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. Әсіресе Билли Гилмор мен Грант Ханли қарсы болды. Олар қазіргі имиджімен ойнай беретінін айтты.

Осындай әдісті бұған дейін кім жасады?

1998 жыл. Франциядағы әлем чемпионаты. Румыния ұлттық құрамасының ойыншылары өздерінің жеке бастарына деген қызығушылықты ояту туралы шешім қабылдады. Георге Хаджи, Дан Петреску бастаған ойыншылар жанкүйерлерге уәде берді. Олар плэй-оффқа шықса, шаштарын ақ түске бояуға сөз берді.

Алғашқы екі турда Англия мен Колумбияны жеңген румындар топтан шығу мәселесін шешіп қойды. Ия, ойыншылар уәдесінде тұрды. Румындар Туниспен болатын топтық кезеңнің соңғы матчына шаштарын ақ түске бояп шықты. Бірақ он адам ғана уәдесін орындады? Неге дейсіз бе? Богдан Стела уәдесін белгілі бір себеппен орындай алмады - оның шашы жоқ еді

2018 жылғы әлем чемпионатында Оливье Жиру мен Уго Льорис турнирде жеңіске жеткен жағдайда шашын қырып тастауға уәде берді. Жирудың шашын түгел алып тастауға батылы бармай, сәл ғана қысқартты

Ал испаниялық "Вильярреалдың»" қорғаушысы Рауль Альбиоль керісінше жасады. Еуропа Лигасы басталар алдында футболшы бүкіл маусым бойы шашын алмауға және қырынбауға уәде берді. Испаниялық футболшының бұл әрекеті өз жемісін берді, яғни "сары сүңгуір қайық" турнирде жеңіске жетті, ал бұған риза болған "Вильярреал" ойыншылары киім ауыстыратын бөлмеде Раульдің шашын түгелімен алып тастады.

Англияның барлық ойыншылары Еуро-2020-да жеңіске жетсе, Фил Фоденнің шаш үлгісін жасайтындықтарын айтты. Турнир басталар алдында Фил имиджін өзгертіп, шашын ақ тұске бояп тастады. Британдықтар жаңа тренд орната ма, әлде бір команда оларды трофейге бара жатқан жолда тоқтата ала ма?

Имиджбен жасалған осындай ерекше әдістер ойыншыларды ең қиын матчтар алдында шабыттандырады және барлық жанкүйерлерге футбол мерекесінің атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×