“Лозанна” командасы “Астанаға” қарсы қарымта матч алдында чемпионат кездесуін өткізді.
"Лозанна" Швейцария Суперлигасының 3-туры аясында “Цюрихтен” айласын асыра алмады.
Суперлига, 3-тур
“Лозанна” 1:2 “Цюрих”
Голдар: Красник 24’, Кали Сене 41’, Сегура 66’
Матчтың екінші таймында Петар Цайдлер негізгі құрамның бірқатар ойыншысын алмастырып тастады. Осылайша бапкер Кали Сене, Кустодио, Натан Батлер және Поатиді демалып алуына мүмкіндік туғызды. Аталған ойыншылардың барлығы “Астанаға” қарсы бірінші кездесуде өнер көрсеткен болатын.
Суперлиганың 3-турынан кейін “Лозанна” 3 ұпаймен турнир кестесінде 8 орынға түсті. Туйльер қаласының ұжымы бұған дейін біріншілікте “Тун” клубына 2:1 есебімен есе жіберген болатын.
Бүгінгі ойында 24 жастағы шабуылшы Кали Сене қайта гол соқты. Сөйтіп голдық сериясын 5 матчқа дейін ұзартты. Еске салсақ, сенегалдық Туйльер стадионында “Астанаға” қарсы матчта ерекшеленген еді.