Чемпионаттағы 5 автогол соғылды

“Ақтөбе” - “Жеңіс” арасындағы ойында чемпионаттың кезекті автоголы соғылды. 

Чемпионаттағы 5 автогол соғылды

Алаң иелері “Ақтөбе” сапынан бүгінгі матчтың 58 минутында Оралхан Өміртаев өз қақпасын нысанаға алды. Ол айып добын орындаған Дінмұхамед Қараманның асырған добына сәтсіз жанасып, Влад қорғаған қақпаға байқаусызда бағыттап алды. 

Бұған дейін ішкі чемпионат аясында Премьер-лига командалары 4 мәрте автогол соққан. Осындай нәтижені ең алғаш рет “Атырау” футболшысы Гилермо Мораиш тіркеді. Ол біріншіліктің 3-турында “Ақтөбеге” гол сыйлады. 

Одан кейін, “Оқжетпес” - “Қайсар”: (Тұзақбаев), “Жеңіс” - “Ұлытау” (Сламбеков), “Астана” - “Қызылжар” (Нойок) кездесулерінде өз қақпасын нысанаға алу жағдайлары тіркелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×