Әлемнің назары мен ықыласы бүгін Парижге емес, Католонияға көбірек ауғаны анық. Ол түсінікті де. Парижден ғажайып күтері шамалы. Ал, "Барселонаны" бүгін "Манчестер Сити" тізе бүктіріп, ширек финалдан бір-ақ шығып жатса таңданбайтындар бар, тіпті көптеп табылады.
Бұл ойынға қонақтар тамаша көңіл-күймен келмесе де, жоғары мотивациямен келгені анық. Пеллергини команданың негізгі ойыншыларының шаршатпауды ойлап, өткен демалыста Англия кубогінде "Уиганға" қарсы жартылай қосалқы құрамды шығарғаны бар. Кеткен есені қайтаруға манчестерліктерде жақсы мүмкіндік бар. Тики-тақтың жағдайы мәз емес. Өткен сенбіде ғана қонақта, "Вальдолидте" сылбыр ойын көрсетіп аутсайдерден сөзсіз жеңілгентұғын. "Вальядолидің" қолынан келгенде, жұлдызды команда "Манчестер Сити" неге "блаугрананы" тізе бүктіруге тырыспасқа? Қай жері кем? Бәрі де мүмкін.
Екі ұжымда бірінші минуттардан алаңға толықтай негізгі құрамды шығарды. Бірақ, негізгі құрамнан Месси, Неймарлар бар кезде Алексис Санческе орын табылмады. Ал, Пеллегрини шабуыл өтіне алғашқы минуттардан Агуэроны шығарды. Кейін анықталғандай, жаттықтырушылар штабының бұл көп қателігінің бірі еді.
Алғашқы минуттардан қонақтар жоғарғы қысым көрсеткенімен, келе-келе "Камп Ноу" қожайындары допты толықтай өз иеліктеріне алды. Тағы бір таңғалдырған жайт, Неймар өзіңе үйреншікті алаңның сол қанатында емес, оң қанатында ойнап жүр. Он минут өтпей жатып дау. Көз үйренген, ет үйренген дау. Тағы, төрешілерге қатысты. Ланнуа сансыз көп қателіктерінің шымылдығын ашып берді. Лескотт айып алаңда Мессиден допты тартып аламын деп, тәртіп бұзды. 110 пайыздық пенальти. Бірақ, бұл жағдай блаугрананың сағын сындырған жоқ. Шабуыл, шабуыл! Гооол! Есептелмеген таза гол. Альбаның пас алу кезінде ешқандай да оффсайдта болмағанын бейнеқайталаулар айқындап берді. Барса тарапынан бұндай сенімділікті қонақтар күтпеген болуы керек, ойсырата жеңуді мақсат етіп келген қалалықтарды тайм ортасына дейін алаңнан көре алмадық. Милнердің айдалаға тепкен добы, Насридің Вальдес қолына шірене бағыттаған соққысы. Бірінші таймдағы Пеллегрини шәкірттерінің бар шабуылы.
Үзілісте, алаңда мүлде көрінбеген Агуэро орнына Джеко шықты. Агуэроны бірінші минуттардан шығарғаны жаттықтырушылардың қателігі деген болатынмын. Неге? Себебі, католындықтар өз айып алаңына жақын жерде қонақтардың жерден берген пастарын мүлде дерлік өткізбей қойды. Әуелетіп берген пастарға, әрине, Агуэроның, бойшаң Маскерано, Пикелермен екінші қабатта сынға түсе алмайтыны анық. Екінші бөлік өте қызу, жоғары жылдамдықта басталады. Бас айналдырарлық шабулдар. Жанкүйерлер күткен тартысты футболды текетірестің тек, төртінші таймында көргені қынжылтады-ақ. "Қалалықтардың" "Барселонаға" не үшін келгендері естеріне енді түскен болуы керек, үзілістен шыға салысымен шабуылға тап берді. Айып алаң сыртынан соққы, Вальдес жойқын соққыны сенімді қайтара білді. Мессидің қақпа бағанасына соққысы, оған жауап, алаңға енді шыққан Джеконың тоғыздыққа жақын тоғытқан добы. Вальдестің шеберлігі ғана бұл жерде, католындықтарды голдан аман алып қалды. Бірақ, бұл ойындағы алғашқы голды салу барселоналықтардың маңдайына жазған екен. Лескоттың қателігінен кейін, аргентиналық асқан шеберлігінің арқасында блаугрананы алға шығарды. Қонақтар жағдайы қиындай түсті. Бес минут бұрын екі гол салу, қосымша уақытты берсе, енді міндетті түрде үш гол салу керек болды. Оған "Барселона" мүмкіндік берер емес. Джеконың гол салуға мүмкіндігі болғанымен, Пике оны тәртіп бұзу арқылы ғана тоқтатты. Бәрінің назары төрешіде. Айып алаңда біреудің аяғы сынса ғана, пенальти белгілеуді шешкен болу керек бас қазы. Онда да, күмәнді. Сабалета төрешіге тап бергенімен, жазықсыз екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Иә, екі команданың кездесуінде төрешілер қателіктер жіберуге жандары құмар-ақ. Англиядағы жағдай бәрінің есіңде.. Дегенмен де, қонақтар он ойыншы қалса да, есепті теңестіруге күш тапты. Бірақ кеш! 89-шы минутта капитан Компани бұрыштама добынан кейін, есепті теңестірді. Бір қарағаннан оффсайд болып көрінгенмен, таза гол. Бірақ, екі минуттан соң-ақ үміттері су сепкендей басылды. Екінші кездесуде, Алвес ағылшындар қақпасына екінші голын тоғытты. Барсаның жеңісі. "Манчестер Сити" Еуропада өте осал-ақ. Екі кездесуді қорытындылай келе, "блаугранаға" манчестірліктей қауқарлық таныта алған жоқ. Барселонаға сұрақ. Неге осылай әр матч сайын ойнамасқа? "Манчестер Ситиден" "Вальядолидтен" осал ма? Бірақ, жауап қарапайым. Екі командаға Мартино шәкірттері екі түрлі дайындалатыны анық. "Манчестер Сити" пойызын тоқтатты, "Барселона" пойызы ширек финалда. Пойыздың қайда барары уақыт еншісінде. Мүмкін, ең соңғы нүкте вокзалға дейін? Әрине, "Реал", "Челси", әсіресе Гвардиола тізгіндеген немістер пойызы жолда тас-талғанын шығармаса.
|
12 наурыз. Барселона. Стадион "Камп Ноу". 88626 көрермен. Төреші - Стефан Ланнуа (Франция).
|
БАРСЕЛОНА - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 2:1 (0:0) |
Лионель Месси, 67 (1:0). Венсан Компани, 89 (1:1). Даниэл Алвес, 90+1 (2:1). |
Барселона |
Манчестер Сити |
Виктор Вальдес |
Джо Харт |
Даниэл Алвес |
Пабло Сабалета |
Херард Пике |
Венсан Компани |
Хавьер Маскерано |
Джолеон Лескотт |
Хорди Альба |
Александар Коларов |
Хави |
Фернандиньо |
Серхио Бускетс |
Джеймс Милнер |
Андрес Иньеста |
Давид Сильва, 72 |
Сеск Фабрегас, 86 |
Яя Туре |
Лионель Месси |
Самир Насри, 74 |
Неймар, 80 |
Серхио Агуэро, 46 |
ОЙын барысында алаңға шыққандар: |
Алексис Санчес, 80 |
Эдин Джеко, 46 |
Серхи Роберто, 86 |
Альваро Негредо, 72 |
|
Хесус Навас, 74 |
Ескертулер:
|
Сеск Фабрегас, 54 |
Фернандиньо, 9 |
|
Александар Коларов, 23 |
|
Пабло Сабалета, 30 |
|
Венсан Компани, 73 |
|
Пабло Сабалета, 78 |
|
|
Сәрсенбінің түніндегі екінші ойын жолдама тағдыры толықтай шешіліп қойған "ПСЖ" мен "Байер" арасында болды. Германияда Хююпия командасын тас-талқан еткен Блан шәкірттері, өз алаңында ірі жеңбесе де, жанкүйерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап минимальды жеңіске жетті. "ПСЖ" екі жыл қатарынан Чемпиондар Лигасының ширек финалында.
|
12 ақпан. Париж. Стадион "Парк де Пренс". 40000 көрермен.
Төреші - Иван Бебек (Хорватия).
|
ПСЖ - БАЙЕР - 2:1 (1:1) |
Сидней Сэм, 6 (0:1). Маркиньос, 13 (1:1). Эсекьель Лавесси, 53 (2:1). |
Симон Рольфес, 28 (қақпашы). |
ПСЖ |
Байер |
Сальваторе Сиригу |
Бернд Лено |
Кристоф Жалле |
Джулио Донати |
Маркиньос |
Филипп Вольшайд |
Тиаго Силва |
Эмер Топрак |
Лукас Динь |
Андрес Гуардадо |
Хавьер Пасторе |
Симон Рольфес |
Йоан Кабай |
Штефан Райнарц, 78 |
Адриен Рабьо |
Эмре Джан |
Эдинсон Кавани, 85 |
Сидней Сэм, 67 |
Златан Ибрагимович, 72 |
Эрен Дердийок |
Эсекьель Лавесси, 62 |
Гонсало Кастро, 67 |
Ойын барысында алаңға шыққандар: |
Лукас Моура, 62 |
Юлиан Брандт, 67 |
Жереми Менез, 72 |
Сон Хюн Мин, 67 |
Зумана Камара, 85 |
Максимилиан Вагенер, 78 |
Ескертулер:
|
Кристоф Жалле, 28 |
Эрен Дердийок, 49 |
Адриен Рабьо, 79 |
Эмре Джан, 52 |
|
Эмре Джан, 68 |
|
Максимилиан Вагенер, 90+3 |
|
|
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ