Чемпиондар лигасы – “Қайрат” – “Олимпиакос” матч алдындағы деректер

Бүгін, 09:35

Чемпиондар Лигасының 6-турында "Қайрат" Астана–Аренада турнир кестесінде өзінен екі саты жоғары тұрған Грекияның "Олимпиакос" командасын қабылдайды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Чемпиондар лигасы – “Қайрат” – “Олимпиакос” матч алдындағы деректер

Кездесу алдындағы негізгі статистикалық және тарихи деректерге тоқталайық.

Алғашқы матч 

Бұл – екі команданың тарихындағы алғашқы кездесуі. Сондай-ақ, “Қайрат" Грек клубымен алғаш рет ресми матч өткізгелі отыр.

"Олимпиакос" және "Қазақстан"

Грек клубы бұған дейін Қазақстан командаларымен 2016/17 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ғана кездескен. Ол кезде олар өз алаңында "Астананы” 4:1 есебімен ұтып, сырт алаңда 1:1 есебімен тең түскен болатын.

"Қайрат” – Тарихи сәт

"Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет ойнап жатыр. Қазақстаннан бұған дейін тек "Астана" (2015/16) қатысып, алты ойынның төртеуінде тең түскен (2 жеңіліс).

"Қайраттың” УЕФА топтық кезеңіндегі жалғыз қатысуы 2021/22 жылғы Конференция лигасында болған. Ол кезде команда топты соңғы орынмен  аяқтады (2 тең, 4 жеңіліс).

Қазақстандық клубтар УЕФА топтық кезеңдерінде әлі бірде-бір рет жеңіске жетпеген (3 тең, 8 жеңіліс). "Қайрат” Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде жеңіске жеткен алғашқы Қазақстандық клуб болуды мақсат етіп отыр.

Тәжірибелі "Олимпиакос"

Бұл – "Олимпиакостың” Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі 21-ші қатысуы, бірақ 2020/21 жылдан бері алғаш рет. Бұған дейін олар қатарынан бес рет топтық кезеңнен аса алмаған.

Грек клубы өткен маусымда Еуропа лигасының 1/8 финалында "Будё/Глимттен" жеңіліп қалған болатын.

Статистика:

5-турдағы "Копенгагеннен” 3:2 есебімен жеңілуі "Қайраттың” Еуропалық жарыстардағы жеңіссіз сериясын сегіз матчқа жеткізді (3 тең, 5 жеңіліс).

"Қайрат" осы маусымда Чемпиондар лигасындағы алты үй ойынының тек біреуінде ғана жеңілді (4 жеңіс, 1 тең). Олар бес ойында қақпасына гол өткізбеген.

Дастан Сатпаев Данияда соққан голымен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан тарихтағы үшінші ең жас ойыншы атанды (17 жас, 106 күн).

Соңғы ойында өз алаңында "Реал Мадридтен” 3:4 есебімен жеңілген "Олимпиакос” Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі соңғы 25 ойынында тек екі рет ғана жеңіске жетті (4 тең, 19 жеңіліс). Олар 2020 жылдың 21 қазанында "Марсельді” 1:0 есебімен жеңгеннен бері он ойын қатарынан (2 тең, 8 жеңіліс) жеңіссіз келеді.

**** топтық немесе лига кезеңі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×