Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда тең түсті

08.07.2025, 23:54

Алматылық «Қайрат» Люблянада жергілікті «Олимпиямен» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін 1:1 есебімен аяқтады.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда тең түсті

Матчтың басынан бастап, алаң иелері ойынды өз бақылауында ұстауға тырысты. Алайда қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. Қонақтар қарымта шабуыл арқылы шабуылдауға талпынды.

Екінші таймда Жоржиньоның дәл пасынан кейін алматылықтар жылдам шабуыл ұйымдастырып, Дастан Сәтпаев есеп ашты. Бірақ бұл артықшылық көпке созылған жоқ. Бірнеше минуттан соң, Диогу Пинту ұйымдастырылған көп жүрісті комбинацияны голға айналдырып, таразы басын теңестірді.

Ойынның қалған бөлігінде «Олимпия» шабуылдарын жалғастырғанымен, есеп өзгермеді — 1:1.

Енді қарымта кездесу 15 шілде күні Алматыда өтеді. Жеңімпаз келесі іріктеу кезеңіне жолдама алады.

«Олимпия» (Словения) — «Қайрат» (Қазақстан) 1:1 (0:0)
Голдар:
 Сәтпаев, 59 минут (0:1), Диогу Пинту, 66 минут (1:1)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×