Футбол әлемінде елеулі өзгерістер болмақ. UEFA президенті
Мишель Платини 2015 жылдан бастап
Чемпиондар лигасы мен
Еуропа лигасын бір жарысқа біріктірмекші, деп хабарлайды NEWSru.com сайты.
Алдын-ала келіп түскен мәліметке сүйенетін болсақ, жаңа Суперлига атты жарысқа
80 клуб қатысады. Барлық клубтар 4 командадан тұратын 20 топқа бөлінеді. Англия, Италия, Германия, Испания мен Франция елдерінің тарапынан бұл лигада 6 клубтан футболисттер өнер көрсететін болады.
Басылымның мәліметіне сенетін болсақ, бұндай елеулі өзгеріс Еуропа Лигасының
қаржылай тиімсіздігіне байланысты болып тұр. Келешекте болатын өзгерістердің айқын айғағы ретінде Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасы аясында ұйымдастырылатын жарнамалардың барлығы 2015 жылға ғана дейін жарамдылығын айтуға болады.
Келер өзгерістер жақсылық әкеле ме? Кім білсін. Бірақ, тартысты додалардың куәсі болатынымызға күмән жоқ.
Мишель Платини
Сурет azerifootball.com, http://tengrinews.kz