Чемпиондар Лигасы. Плей-офф алдыңдағы ой. 1-ші бөлім

16.02.2015, 06:21
Чемпиондар Лигасы. Плей-офф алдыңдағы ой. 1-ші бөлім
Тек демалыс күндері ғана жанкүйерлердің ұйқысын ұрлап жүрген миллиондардың ойыны, енді апта ортасында да ұрламақ. Себебі, әлемдегі ең үздік клубтық турнир Чемпиондар Лигасы көгілдір экранға қайта оралады. Екі күннен соң, "кәрі құрлықтың" үздік шыққан 16 командасы сынға түсуді бастайды. "Аладоп" сайты, 1\8 финалдың алғашқы төрт кездесуіне матч алдыңдағы сараптамалық-шолуын жасамақ.  Плей-оффтың 1\8 және ширек финалының алғашқы ойындары екі аптаға созылатыны белгілі. Яғни, алдымыздағы аптаның сейсенбі-сәрсенбі күндері төрт кездесу өтсе, келесі аптаның дәл сол күндері тағы төрт жұп алғашқы ойындарын өткізбек. Сондықтан, сараптамалық-шолуымызды екі бөлімге бөлдік. Екінші бөлімі келесі дүйсенбі күні шығатын болады. "Шахтер"(Украина)-"Бавария"(Германия) 17-ші ақпан. "Арена Львов" стадионы. 01:45 Ставки на матч Шахтер - Бавария (17.02.2015): испытание для «горняков» Мюнхендіктерге плей-оффтағы оңай қарсыластың бірі түсті. Ең оңайы болмаса, әрине. "Шахтер" топта "Портуға" сөзсіз тізе бүгіп, екі турнирде өнер көрсетуге дайын болмай шыққан "Атлетик Бильбао" мен 6 ойында 24 гол өткізген белоруссиялық "Батэны" артта қалдырған еді. Украин чемпионаты қыста 3 ай үзіліске кететіні белгілі. Команда бүгінде күн сайынғы жаттығу мен жолдастық кездесулер өткізіп жүр. Сондықтан, "Шахтердың" қандай жағдайда екенін анықтау қиын. "Біз ол-біз!" Неміс машинасының ұраны. Дегенмен, жаңа жылда Гвардиола тізгіндеген неміс машинасында ақау көп. Кешегі "Гамбургке" қарсы ойынды қоспағанда, "Баварияның" екінші айналымдағы ойыны көңілден шықпайды. Жалпы осы маусымды алғанда команданы "идеал" дей алмаймыз. Егер де, Гвардиола шәкірттеріне қарсылас бағынбай жатқан кезде, қалай ойнау керектігін үйретпесе, былтырғы жартылай финалдағы өз күйін өзі кешпек. Қараңыз, "қырсық" "Вольфсбургке" тап болды, не болғанын білеміз. Келесі ойында "Шалькемен" өз алаңында тең түсті. "Штутгартқа" барды, Роббен мен Алаба жеке бастың шеберлігі арқасында ғана жеңісті тартып алды. Кеше "Гамбург" алаңға шығып, қылышты қарсылас қолына ұстатып, басын өзі-ақ бүкті. Жоққа шығармаймын, мюнхендіктердің әрбір футболшысы ойынды жоғары деңгейде өткізді. Командалық ойынға мін жоқ. Бірақ, аты бар да заты жоқ "Гамбургке" қарсы ойынға қарап, "Баварияны" толықтай бағалау жарамас. Дау жоқ, "Бавария" тағы осы жылы Бундеслигада чемпион болады. Тағы да бес-алты команданы тас-талқан етер. "Гамбург" секілді, алаңға шықпай жатып-ақ жеңіле салатын. Бірақ, мықты қарсыласқа тап болғанда... Осы қызық. Қысқасы, былтырғы "Бавария" мен, биылғының арасында айтарлықтай алшақтық жоқ. Гвардиола келгелі Юпп Хайнкесс кезіндегі мінез жоқ. Нағыз неміске тән. Нағыз "Баварияға" тән. Нағыз неміс машинасына тән. Гвардиоланың Мюнхендегі екі жылында "Баварияда" прогрессті көрген емеспін. Керісінше, сол Юпп Хайнкесс қалаған іргетас бара-бара жерге шөгіп бара жатыр. Ал, осы текетіресте "Баварияның" сөзсіз фаворит екені даусыз. Ширек финалға шығу мүмкіндігінің көрсеткіші 95 пайыз десек те артықтық етпес. Дегенмен, "Баварияның" нақ сыналар жері бұл кезең емес. "Базель"(Швейцария)-"Порту"(Португалия) 18-ші ақпан. "Санкт-Якоб Парк" стадионы. 01:45 Тарихта тұңғыш рет кездескелі отырған командалар. "Порту" жоғарыда айтылғандай "Шахтер", "Атлетик", "Батэмен" бір топқа түсіп, біріні орынмен плей-оффқа жолдама алды. Швейцариялықтар кішігірім сенсация жасаған болатын. Топта "Ливерпульді" артта қалдырды. Осы жылғы "Ливерпуль" мен маусым басындағы "Ливерпульдің" арасы жер мен көктей екені түсінікті. Бірақ, факт ол-факт. Екі команда да ішкі біріншілікте алтынға таласуда. "Базельдың" осы жылы да чемпион болатыны анық болса, "Порту" әдеттегідей тағы екі лиссабондық командамен бірге Португалия чемпионы атағына таластың қызу шағында. Сарапшылардың пікірінше, фаворит-"Порту". Бұнымен келіспеске болмайды. Біріншіден, "Порту" қазір нағыз бабында, екіншіден қарсыласқа қарағанда, Чемпиондар Лигасындағы тәжірбиесі анағұрлым мол, үшіншіден Джексон Мартинес, Оливер Торрес, Куарежма секілді матч тағдырын жеке шешіп кете алар футболшылар "Порту" сапында баршылық. Екінші кездесуді өз алаңында өткізетінін де ескерген жөн. Бір жағынан, "Базельдің" еурокубокте қандай жанкешті екенін білеміз. Былтыр топтық кезеңде Моуриньодың "Челсиін" екі рет жерге қаратқанын, осы маусымда "Ливерпульді" артта қалдырғанының өзі неге тұрады?! Болжам айтуға қиын жұптардың бірі. "Шальке"(Германия)-"Реал Мадрид(Испания) 18-ші ақпан. "Велтинс-Арена стадионы". 01:45 Былтыр 1/8 финалда кездескен қос команда, бұл жылы да дәл осы кезеңде жолдары түйісіп отыр. Ол кезде екі ойынның қорытындысы бойынша 9:2 есебі тіркелген еді. Осы маусымда да нәтиже қайталана ма? Анық фаворит айқын. "Шальке" Бундеслиганың атынан Чемпиондар Лигасында қатысып жатса да, екі команданың деңгейі жер мен көктей. Әупірімдеп жүріп, сәттіліктің арқасында жеңіске жетіп жүрген "Шальке", "корольдік клуб" қандай жағдайда болса да, оған қарсылас емес. Ди Матео алып клубтарды тізе бүктіретіндей ұжым әлі жасақтай алған жоқ, жасақтауы да неғайбіл. Сондықтан, бұл жұпта кімнің ширек финалға жолдама алары анық. "ПСЖ"(Франция)-"Челси"(Англия) 17-ші ақпан. "Парк де Прeнс" стадионы. 01:45 Картинки по запросу порту-базель 1/8 финала Бірінші ойын Парижде өтетіндіктен, бұл ойында екі команданы жеңіске жету мүмкіндігі шамалас. Бірақ, париждіктердің соңғы нәтижелеріне клуб басшылығын да, жанкүйерлердi де  қанағаттандыра алмайды. Кезекті рет еш кедергісіз Францияның чемпионы атанады деген команда, іс жүзінде "Лион" мен "Марсельден" озып кете алар емес. Сенбі күні Лоран Блан шәкірттері бар осалдығын көрсеткен еді. Өз алаңында аутсайдерді 2:0 есебімен ұтып жатып, ойынның аяғында қатарынан 2 голды жіберу чемпионға тән қылық па?. Иә, соңғы 9 ойын бойы жеңіліп көрмеді. Бірақ, көбі тең нәтиже. Онымен қоса, команда голды аз салады, Анчелотти кезіндегідей шабуыл өтінде өткірлік жоқ. Сол Анчелоттидің орнына келген француз маманының клубтың алдында беделі жоқ екені де көрініп қалады. "ПСЖ" секілді қалталы команданы нағыз беделді, айтқан сөзі заң, шейхтардың нұсқауына емес, өз біліктілігіне сүйенетін маман керек. Жозе, Гвардиола, Анчелотти, Капелло секілді. "Егер де, мен Абрамовичтің ісіне аралассам, ол дағдарысқа түсер, себебі мен кәсіпкер емеспін. Ал, Абрамович  команданың ісіне араласса, Челси құрдымға кетер, себебі ол жаттықтырушы емес"-деген Моуриньодың сөзі еске түседі. Моуриньодың командасы көш басында. Басты қарсыласы "Манчестер Ситиден" 7 ұпайға ұзап кетті. Өзгемен емес, өз-өзімен күресе алмай жүрген "қалалықтар" Жозенің командасын қуып жетуі қиын. Лондондықтардың негізгі мақсаты-Чемпиондар Лигасы. Париждегі бірінші кездесуден бастап барын салады. Француздықтармен салыстырғанда, команда бір апта бойы демалды, бабында, негізгі ойыншылардың бәрі сақадай сай. Былтырғы текетірестен кейін, португалиялық маман Лоран Блан мен "ПСЖ"-ның осал тұстарын жақсы біліп алған.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×