Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер алдыңдағы ой

22.04.2015, 02:46
Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер алдыңдағы ой
Чемпиондар Лигасының аясындағы ширек финалдық қарымта кездесулерге, "Аладоп" сайты матч алдыңдағы қысқаша-шолу сараптамасын, болжамын ұсынады. Златан не көрсетеді? Иә, париждік команданың Лондондағы ерлігін білеміз. Бірақ, бір апта бұрыңғы Суарестің қос голы, "Барса" қақпасына кірген қаңғыған доп, Луиздің балаша қателесуі, бәрі де-бір шындықты айқындайды. Миллиондаған қаржы құйып, табан астында әлемдік жұлдыздарды жинағанымен, Париж әлі де болса "Барселонадан" екі сатыдай төмен. Лоран Блан мен оның командасының бүгінгі басты үміті-Ибрагимович. Швед батырының әлемдегі бір жауы болса, ол осы-"Барселона". Біріншіден, Католониядағы бірінші күнінен соңғы күніне дейін Мессидің көлеңкесінде жүрді. Екіншіден, "блауграна" сапында Златанның ойыны жүрмеген, сөзі өтпеген жалғыз клуб. Сондықтан, бүгін Парижді жеңіске жетелеп, өзіңдегі бар сенімділікті әріптестеріне ұялатып, Католониядан жемісті қайтуға тырысады. Бірақ, жартылай финалда біз "Барселоны" көретін боламыз. Бәрі кеш, Златан, кеш! Болжам: 2:1 "Бавария"-"Порту". "Порту"?! Футбол әлемінің заңды заңы бойынша, әр турнирде біз сенсация көруіміз тиіс. Әлем, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар Лигасы болсың. "Боруссия", "Атлетико", "Малага", "Коста-Рика". Осы маусымдағы Чемпиондар Лигасында да оған орын бар. Басында, "Монако" болып көрінген. Бірақ, 1/8 финалдан әрі аспайтын "Арсеналды" жарыс жолынан шығарудан гөрі, неміс машинасын жерге қарату қиынырақ. Гвариолаға қанша сәттілік тілегеніммен, "Баварияға" сенбеймін. "Альнс-Аренада" қонақтарды 90 минут бойы тығырыққа тіреуге шама-шарқы жетпейді. Себебі, испан футболының өкілі "Баварияны" Хайнкесс кезіндегі, қарсыласты таптап өтетін рухтан айырған. Болжам: 2:2 Туриндегі жеңіс "кәрі сеньероға" жете ме? Италиядағы минимальды жеңілістен кейін, "Монакода" өз алаңының басымдылығы бар. Бірақ, Леанардо Жердим командасы Чемпиондар Лигасында өз алаңынан гөрі, қонақта сәтті ойнайтынын ескерген жөн. Чемпионатта қонақта 5 ұпай артық алды, еурокубокте Леверкузендегі жеңіс. 1/8 финалда бірінші ойында "Арсеналды" 3:1 есебімен тізе бүктіргенін білесіздер. Өткен аптадағы ойында да "Ювентустан" басым болғанымен, тым болмаса тең нәтижені еншілеуге матчтың үздік футболшысы атанған Джанлуиджи Буффон кедергі болды. Есепті қорғайтын италяндықтардың қорғанысын бұзу, дүниедегі ең қиын шаруаның бірі. "Ювентус "Еуропаның маңдай алды чемпионаттарының ішінде ең аз гол өткізген команда екен. Онымен қоса, қарсыласқа ойын тізгінін беріп қойып, бар бақытты қарсы шабуылдан іздейтін монегасктар үшін, допқа иелік ету жат жағдай. Ал, "Ювентустан" бәрін күтуге болады. Берік қорғанып қана қоймай, Тевес, Видаль секілді жылдам футболшылар қарсы шабуылда француздарды жерге қаратып кетуі мүмкін. Болжам: 1:2 Карло жартылай қорғаныс пробламасын қалай шешпек? "Жақсылардың ішіндегі ең жаманы". "Реалдың" қонақтағы тең нәтижесін осылай айтуға болады. Бір жағынан, бәрі жақсы, бастысы ұтылмады. Бірақ, 0:0 деген есеп, қарымта матч алдында, алаң иелері үшін қауіпті. "Атлетиконың" бір голы "Реалды" тығырыққа тірейді. Бірақ, мамандар Галактикосты кездесу алдында фаворит санауда. Өз алаңы, жанкүйерлердің қызу қолдауы. Жұлдызды ұжым "матрасниктерді" қатарынан жеті ойында жеңбегені тағы бар. Бірақ, жексенбі күні Модрич пен Бэйл жарақат алып, команда жағдайын қиындатты. Егер, уэльстік шабуылшысын Хамес Родригеспен алмастыруға болса, хорваттың орнын басар футболшы Анчелотти командасында жоқ. Кім? Хедира? Илльяраменди? Екеуінің біреуін алғашқы минуттардан алаңға шығару, орталық алаңды "Атлетикоға" толықтай беріп қою деген сөз. Кездесу "Сантьяго Бернабеуде" өткенімен, "Реалды" фаворит деу асығыстық. Роналду, Хамес Касильяс, Рамосы бар, бірақ Модричі жоқ "Реалды" осы маусымда талай көрдік. Алаңда хорваттың жоқтығы- қорғаныс пен шабуылдың арасында байланыстың болмауы. Болжам 1:1   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ        
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×