Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер жайлы

10.03.2015, 05:55
Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер жайлы
Үш апта бұрын алғашқы ойында кездесіп, мәселеленің бәрін екінші матчқа қалдырған командалар ширек финал жолдамасына қол жеткізу үшін бақ сынасады. Мадридтен келесі кезеңге кім шығары белгілі болса, Португалия мен Англияның астанасында, Германияның алып қаласында өтетін текетірестердің тағдырын болжау оңайға соқпайды. Апта ортасында Чемпиондар Лигасы күтіп тұрғанын ескеріп, "Аладоп" сайты әдеттегідей сейсенбі-сәрсенбі күні болатын Чемпиондар Лигасының ойындарына матч алдындағы сараптамалық-шолуын жасамақ.  "Реал Мадрид"-"Шальке" 10-шы наурыз. "Сантьяго Бернабеу" стадионы. 01:45 Өткен демалыстың футбол әлеміндегі басты жаңалығы Испан Премьерасында көшбасшы ауысуы. Бильбаода Анчелотти командасы жеңілгеннен кейін, "Барселона" "Райо Вальеканоны" таптап өтіп, қазан айынан бері алғаш рет бірінші орынға шықты. Біріншілікте соңғы екі кездесуде жеңіске жетпеген "корольдік клубта" дағдарыстың ұшы байқалады. Жаңа жылдан бері әдемі ойын өрнегін көрсетпей-ақ, бірқатар матчтарда жеңіске жетіп жүрген еді. Енді ойын өрнегімен қатар, нәтиже де ақсаңдады. Ұшарын жел, қонарын сай білетін "Шальке" үш апта ішінде жеңілді, жеңді, тең ойнады. Негізі, Бундеслигада бұл команданың жағдайs жаман емес. Үздік үштіктен үміткер. "Байердің" де, менхенгладбахтық "Боруссияның" да үш алаңда шайқасып жатқанын ескерсек, ертеңнен бастап басты күшін Бундеслигаға ғана бағыттайтын Ди Матео командасында үшінші орынға тұрақтауға зор мүмкіндік бар. Германиядағы ойында мадридтіктер 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Былтырғыдай өз стадионында масқара болмауды ғана ойлаған немістер болса, 90 минут бойы 1 мәрте ғана қарсылас қақпасына дәл соққы бағыттаған екен. "Шалькенің" басты мақсаты, ашулы "Реалға" тапталмау. Әрине, "Реал Мадрид" қонақтарды қандай есеппен тізе бүктірсе де, сын айту тоқталмайды. Сыншылдардың сынын доғарудың бірден-бір жолы екі аптадан кейін болатын Эль-Классикодағы жеңіс. Ертеңгі ойынды соған дайындық деп қараған жөн. "Бавария"-"Шахтер" 11-ші наурыз. "Альянц-Арена" стадионы. 01:45 Үш ай бойы бірде-бір ресми кездесу көрмей, ұзақ үзілістен шыға сала "Бавариямен" тең түсу деген нағыз батырлық. Украина чемпиондары, Гвардиола командасын тығырыққа тіремесе де, қонақта гол салуға мүмкіндік бермеді. 0:0 есебі "Шахтердің" еурокубоктерде тәжірбиесі молдығын көрсетсе керек. Мюнхенде тәжірбие көмектесе ме, көмектеспей ме білмеймін. Өз үйінде ешкімді де аямайтын "Баварияның" қарқынынан адам шошырлық. Әйтсе де, "Шахтердың" қарсы шабуылдары өте қауіпті. Бразилиялық желаяқтар кез келген сәтте қорғанысты бұзып өте алады. Бұл ойыннан тосын сый күту орынды. "Баварияғ"а қарсы ойнайтын көп командалардан "Шахтердың" артықшылығы-қорықпайтындығы. Дегенмен, кубоктен басқаны ойламайтын "Бавария" келесі кезеңге өтуі тиіс. "Порту"-"Базель" 10-шы наурыз. "Драгау" стадионы. 01:45 Швейцариядағы матчтың нәтижесі португалиялықтардың пайдасына. Ойын басында гол өткізіп, екінші таймда есе қайтарған "Портудың" келесі кезеңге жолдама алатын мүмкіндігі жоғары. Онымен қоса, "Драгаудың" жасыл алаңында былтырдан бері жеңілмепті. Ішкі біріншіліктегі жеңісті сериясы-6 ойын. "Порту" - "Базель". Анонс и прогноз матча "Базельдің" бүгінгі шарықтау шегі-Чемпиондар Лигасының осы кезеңі. Команда сатылап өсіп келеді. Еуропа Лигасында жартылай финалға шығып, шешуші ойындарда мықты қарсыластармен кездесіп тәжірбие жинап алды да, биыл сол тәжірбиесін Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде пайдаланды. Десек те, ширек финалға шығуға дайын команда емес. Болжамның бәрі-"Порту" келесі кезеңге өтеді дегенге сайып келеді. Команда нағыз бабында. Алғашқы кездесудегі ойынның барысы Хулен Лапатеги ұжымының қарсыластан бір бас жоғары екенін көрсетіп берді. Лиссабонда "айдаһарлар" бірінші минуттардан бастап, жанкүйерлердің қолдауымен шабуылға ұмтылады. Ірі есептің тіркелуі де ғажап емес. "Челси"-"ПСЖ" 11-шы наурыз. "Стэмфорд Бридж" стадионы. 01:45 Болжауға қиын текетірес. Парижде екі команда кім мықтыны анықтай алмады. Француздар өз алаңында жеңбесе Лондонда қиын боларын түсініп, шабуылдады. Челси тас қамал қорғанды. Қарымта кездесу алдында қонақтағы 1:1 есебі мен "Стэмфорд Бридж" стадионы "ақсүйектерді" фаворит етіп көрсетеді. Лоран Блан командасы өз алаңында жаман ойнаған жоқ. Команда алғаш гол жібергенімен, есепті теңестіре білді. Жеңісті жұлып әкетуге бірнеше мүмкіндіктер болды. Қарымта кездесуде көп мүмкіндіктер бола қоймас, бірақ ширек финалдан үміт болса гол салуға міндетті. Моуриньо: "Ничья с ПСЖ - позитивный результат" Париждегі ойын мен нәтиже Жозенің стильі. Былтыр да дәл осылай болған. Қонақта жеңілсе де, бастысы бір гол салып алды. Ал, өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. "Интерді" баптаған кезде де бұндай жоспарын талай көргенбіз. Сәрсенбі күні 11 футболшымен қорғанысқа жатып алса да таң қалуды қажеті жоқ. 0:0 есебі "Челсиді" келесі кезеңге алып шығады. Тарихта ойын өрнегі емес, нәтиже есте қаларын Жозе жақсы түсінеді.

 Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.725
Ничья
3.52
П2
2.161
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.408
Ничья
3.62
П2
3.085
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.131
Ничья
3.89
П2
3.455
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.285
Ничья
3.445
П2
3.475
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.04
Ничья
4.175
П2
1.701
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.804
Ничья
3.72
П2
2.498
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Брентфорд
Ноттингем Форест
20.00
П1
2.515
Ничья
3.605
П2
2.851
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Сельта
Реал Сосьедад
20.15
П1
2.909
Ничья
3.21
П2
2.776
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Дженоа
Наполи
22.00
П1
5.79
Ничья
3.83
П2
1.719
Aladop Youtube
×