Чемпиондар Лигасы. Қожайындардың қожалығын бұзған "кеншілер"

20.08.2015, 15:48
Чемпиондар Лигасы. Қожайындардың қожалығын бұзған "кеншілер"
Гладкий, shakhtar.com Бүгін түнде Чемпиондар Лигасының 4-ші кезеңінің аясындағы тағы бес ойын болып өтті. Сейсенбіден басталған үрдісті бұзып, донецкілік "Шахтёр" сырт алаңда жеңіске жетті. "Кеншілер" Венада жергілікті "Рапидтен" басым түскен еді. Ізінен, Албанияда да осыған ұқсас нәтиже тіркелді. Хорватиялық "Динамо" бізге еске таныс, "Скандербеуден" қонақта айла асырды. Ал, былтыр осы турнирдің ширек финалында өнер көрсеткен "Монако", "Валенсияға" қонаққа барып "жарғанаттардан" 1:3 есебімен жеңіліп қалды. "Аладоп" осы және басқа да нәтижелерді назарларыңызға ұсынады.  Уефа Чемпиондар Лигасы 4-ші кезең. Алғашқы ойындар Рапид Вена(Австрия) – Шахтёр(Украина) 0:1 (0:1) Гол: Марлос, 44 (0:1). Валенсия(Испания) – Монако(Франция)3:1 (1:0) Голдар: Родриго, 4 (1:0); Пашалич, 49 (1:1); Парехо, 59 (2:1), Фегули, 86 (3:1). Базель(Швейцария) - Маккаби Т-А(Израиль) 2:2 (1:1) Голдар: Захави, 31 (0:1); Дельгадо, 39 (1:1); Эмболо, 88 (2:1), Захави, 90+6 (2:2). Селтик(Шотландия) - Мальмё(Швеция) 3:2 (2:0) Голдар:Гриффитс, 3 (1:0); Биттон, 10 (2:0); Бергет, 52 (2:1); Гриффитс, 61 (3:1) Бергет, 90+5 (3:2). Скендербеу(Албания) - Динамо Загреб(Хорватия) 1:2 (1:0) Голдар: Шкемби, 37 (1:0); Судани, 66 (1:1); Пиварич, 90+3 (1:2).
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×