Чемпиондар лигасы: суперкомпьютер жаңа фаворитті анықтады

08.04.2025, 19:00

Чемпиондар лигасының ширек финалы басталуға жақын. Opta-ның суперкомпьютері Еуропа чемпионы болуға ең үлкен мүмкіндік қай командада екенін анықтапты.

Чемпиондар лигасы: суперкомпьютер жаңа фаворитті анықтады

Фаворит – Барселона

Каталондықтар 2015 жылдан бері алғаш рет турнирді жеңуге басты үміткер саналып отыр. Ханси Фликтің командасының финалға шығу ықтималдығы – 44.3%, ал жеңіске жету мүмкіндігі – 23.1%. Олар жартылай финалға жетуі ең ықтимал команда ретінде бағаланды – 78.2%. 
 

ПСЖ – екінші орында

Француз чемпионы "Ливерпульді" жарыстан шығарып тастаған. Қазір олар турнирді жеңуге 19.3% мүмкіндікке ие. "Астон Вилламен" матч алдында оларда келесі кезеңге өту мүмкіндігі – 71.3% деп белгіленіпті.

Арсенал – үшінші фаворит

Микель Артетаның командасының турнирді жеңу мүмкіндігі – 15.6%. Бірақ оларды қиын сынақ күтіп тұр – келесі қарсылас "Реал Мадрид". Суперкомпьютер "Арсеналдың” бұл қарсыласты жеңу мүмкіндігін 50.2% деп бағалаған екен.

Қалған командаларлың чемпион болу мүмкіндіктері:

"Интер Милан" – 13.8% 

"Реал Мадрид" – 12.2% 

"Бавария" – 10.8%

"Астон Вилла" – 3.7%

"Боруссия Дортмунд" – 1.5%

                                            Өнер Айболат

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×