Чемпиондар лигасы: топтық кезеңі аясындағы жаңа рекорд

12.12.2019, 19:20
Чемпиондар лигасы: топтық кезеңі аясындағы жаңа рекорд

Кеше 11 желтоқсанда 2019-2020 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде жаңа рекорд орнатылды.
Жалпы топтық кезең шеңберіндегі 96 матчта 308 гол соғылыпты.
Бұл бәске тарихындағы рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.
Ал бұрынғы нәтиже(306 гол) 2017-2018 жылғы маусымда тіркеліпті.
Бұл кезең бойынша ең көп гол соққан команда "Бавария". Мюнхен ұжымы топтық кезеңде 24 рет қақпа торынан саңылау тапқан. Ал "Бавария" сұрмергені Роберт Левандовски 10 доптың авторы атанып үлгерді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×