Чемпиондар Лигасы. Үздік сегіздік белгілі

19.03.2015, 09:38
Чемпиондар Лигасы. Үздік сегіздік белгілі
фото Getty Images Чемпиондар Лигасының ширек финалында өнер көрсететін командалардың аттары толықтай белгілі болды. Бүгін матчтарда Дортмундта күтпеген нәтиже тіркеліп, "Боруссия" өз алаңында тас-талқан болса, Католонияда "Манчестер Сити" бар жоғы бір жылдың ішінде "Барселонадан" төртінші рет жеңілді. Иә, Ағылшын Премьер-Лигасының бірде-бір командасын үздік сегіздікте көрмейтін болдық. Әлемдегі ең үздік чемпионат екенінді қайтейін.. "Камп Ноуда" "Барселонаның" келесі кезеңге өтеріне күмән болған жоқ. Егер де, кешегі "Арсеналдың" "ерлігі" Пеллегрини жігіттерінің де қолынан келгенде, "Манчестер Ситидің" ширек финалға жолдама алар мүмкіндігі болар еді. Бірақ, "Барселона" ол "Монако" емес қой. Ал, "Манчестер Сити".. Тіпті, "Арсенал" да емес. Матч әдеттегідей "Барселона" қарсыласының өз жарты алаңына "тығылуымен" басталды. Алаң иелері бар күшімен алға ұмтылды. 6-шы минутта Неймар қақпа бағанасын дәл көздеді. Алғашқы голды тоғыту Неймарға да, Суареске де, тіпті Мессиға да емес, Ракитичке бұйырыпты. Бірақ, Мессидің әдемі пасынан кейін. Бірінші таймның аяғына дейін, үш апта бұрын Манчестердегі секілді "Барселонада" есепті ірілейтін талай мүмкіндіктер болды. Бірақ, бұл күні шабуылдағы үштік қонақтарға шексіз жомарттық танытты. Екінші таймда қонақтарда гол салып, алаңда "Манчестер Сити" деген команданың барын еске түсіруге мүмкіндік алған. Бірақ, өмірде де, футболда да әділдік деген асыл дүние бар ғой. Агуэро әдемі, жасанды құлап, бас қазы оның актёрлық шеберлігіне алданып "Барса" қақпасына пенальти белгіледі. Бірақ, осыған дейін бір-екі рет қателескен Тер Штеген қақпасын голдан аман сақтап қалды. Барса ойын аяғына дейін "қалалықтарды" жазалайтын мүмкіндерінің санында шек болмаған еді. Бірақ, сол жомарттық. Онымен қоса, Харттың шебер ойыны. Футболда: "жақсы қақпашы жарты команда" деген сөз бар. Харт жарты команда емес, бүкіл команданың орнында ойнады. "Манчестер Сити" сапында бір футболшыны ғана көрдім. "Камп Ноуға" үміті сөнбей келген. Джо Харт! Бұл жылы да "Манчестер Сити" үшін "Барселона" алынбас қамал. Енді, Ағылшын Премьер-Лигасындағы екінші орынды сақтап қалуға бар күшін салады. Пеллегрини ұжымының одан басқа "ермегі" қалмады. Ал, католондықтар ширек финалға жолдама алып қана қоймай, 22-ші наурыз күні өтетін Эль-Классикоға тамаша көңіл-күймен дайындалады. «Барселона» - «Манчестер Сити» 1:0 (1:0) Гол: Ракитич, 31 (1:0). фото uefa.com "Боруссия" Чемпиондар Лигасымен қош айтысты. Ең өкініштісі өз жанкүйерлері алдында ірі есеппен ұтылды. Ал, "Ювентус" ішкі біріншілік дейгейінің төмендігіне қарамастан Чемиондар Лигасында ұзаққа шабатын команда екенін байқатты. «Боруссия» Дортмунд – «Ювентус» 0:3 (0:1) Голдар:Тевес, 3 (0:1), Мората, 69 (0:2), Тевес, 80 (0:3)   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×