28 қыркүйекте өтуі тиіс болған 24-турдағы Қазақстан Премьер-Лигасының «Қайрат» – «Жетісу» матчы кейінге шегерілді.
Ойын 5 қазанда өтеді. Бұл алматылық клубқа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі мадридтік «Реалға» қарсы кездесуге дайындалуға мүмкіндік береді. «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Қазіргі уақытта «Қайрат» 23 ойында 52 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатында көш бастап тұр. Екінші орында – 50 ұпаймен (23 матч) «Астана», үшінші орында – 44 ұпаймен (22 матч) «Тобыл» жайғасқан.
«Жетісу» әзірше 16 қыркүйектен кейін қысқа үзіліске кетті.