Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейін сынға қалған “Барселонаның” қорғаушысы – Араухо үн қатты

10.05.2025, 10:00

"Интерге" қарсы матчта жеңіліп қалғаннан кейін жанкүйерлер Рональд Араухоны команда жеңілісіне басты кінәлілердің бірі деп айыптауда.

Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейін сынға қалған “Барселонаның” қорғаушысы – Араухо үн қатты

Араухо не үшін сынға ұшырады?

Уругвайлық қорғаушы Италияда өткен матчта екінші таймда алаңға шыққан болатын. Бірақ ол ойынға қосылғаннан кейін "Интер” екі гол соқты, әрі бұл голдарда Араухоның қателігі айқын көрінді:

Біріншісі — Франческо Ачербидің соңғы минуттарда соққан голында Араухо оны жауып үлгермеді;

Екіншісі — Маркус Тюрамды тоқтата алмай, Давиде Фраттезидің жеңіс голына жол ашты.

Осы оқиғалардан кейін Араухо әлеуметтік желілерде ауыр сынға тап болды. Кейбір ақпарат көздері бойынша, "Барселона” басшылығы оның клубтағы болашағына күмәнмен қарай бастаған.

Біраз уақыт үнсіз қалған Араухо Instagram парақшасында былай деп жазды:

"Мен мойындаймын. Турнирден шығып қалу — ауыр. Бірақ бәрі мұнымен аяқталмайды. Біз бар күшімізді салдық, күрестік, дайындалдық. Өкінішке қарай, ол жеткіліксіз болды. Бірақ мен мақтанамын. Бұл командамен, әріптестеріммен. Біз жеңіске деген рухымызды көрсеттік. Алда Эль Класико келе жатыр. Біз бәрін саламыз. Біз — Барсамыз! Біз бұрынғыдан да күшті болып ораламыз."

Жексенбі күні "Барселона” өз алаңында «Реал Мадридке” қарсы матч өткізеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×