Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар – Дастан Сәтпаев үздік үштікте

27.11.2025, 07:25

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихында өз атын алтын әріппен жазды, ол турнир тарихындағы үшінші ең жас гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар – Дастан Сәтпаев үздік үштікте

Клубтік футболдың ең беделді бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасында жас ойыншылардың гол соғуы әрдайым ерекше назар аударады. Себебі мұндай сәт тек шеберлікті ғана емес, болашақ жұлдыздың дүниеге келгенін көрсетеді. 

Ансу Фати — тарихтағы ең жас гол авторы

2019/20 маусымында "Барселонаның” жас шабуылшысы Ансу Фати небәрі 17 жас 40 күнінде Чемпиондар лигасында гол соғып, бұрынғы көрсеткішті 154 күнге жаңартты. "Интердің" алаңында шешуші гол салған кезде Фати әлі кәсіби футболға енді ғана қадам басқан ойыншы болатын. Бұрынғы рекорд 1997 жылдан бері Ганалық Питер Офори-Квайеге тиесілі еді.

Екінші орын — Ламин Ямаль

2024/25 маусымының алғашқы турында "Барселона” тағы бір ерекше рекорд иесін шығарды. Бар болғаны 17 жастағы Ламин Ямаль "Монако" қақпасына тамаша гол салып, тізімнің екінші сатысына көтерілді. 

Үшінші орын — Дастан Сәтпаев

"Қайрат" клубының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соғып, турнир тарихындағы үшінші ең жас ойыншы ретінде тіркелді.

Айта кетсек, “Қайрат” академиясының таланттары Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек “Копенхаген” қақпасын дәл көздегендері бойынша тарихта Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы және екінші Қазақ ойыншылары болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×