Сейсенбі, 22 шілде күні Финляндияның Куопио қаласында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны өтеді.
Бұл матчта Финляндия чемпионы саналатын «КуПС» өз алаңында «Қайратты» (Қазақстан) қабылдайды.
«КуПС» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында 20:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.
Еске салсақ, «Қайрат» жаңа еурокубок маусымын бірінші іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Алматылық ұжым алғашқы айналымда Словенияның «Олимпия» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Ал «КуПС» болса, алғашқы іріктеу кезеңінде Молдованың «Милсами» командасынан 1:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, өткен аптада жанкүйерлер Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» матчын тікелей эфирде көре алмай, әлеуметтік желіде біршама шу шыққан болатын.