Чемпиондар лигасының чемпионы атаныңыз

17.02.2014, 07:36
Чемпиондар лигасының чемпионы атаныңыз
«Аладоптың» ардақты оқырманы, сайттың сәнін келтіріп, сапасын көтеру сіздің де біздің де көкейіміздің көкжиегі екені сөзсіз. Осы ойдың жетегінде тағы бір қызықты жарыс ұйымдастырғалы отырмыз. Ендеше, сүйікті сайытыңыздың сізге сыйлаған орайын ұтымды пайдаланып байқаудың жеңімпазы атаныңыз... Оқырмандардың сұрауына орай, чемпиондар лигасы ойындарымен қатар жүріп отыратын «Аладоптағы чемпиондар лигасын» ұйымдастырамыз. 1. Ертең басталатын чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындарына өз болжамыңызды жасаңыз. Ойын нәтижесін (жеңіс не тең нәтиже) дұрыс тапсаңыз бір ұпай, ойындағы есепті дәл межелей алсаңыз үш ұпай сіздің қоржыныңызға түседі. 2. Осылайша ең көп ұпай жинаған 16 оқырманды іріктеп аламыз. (Бұл кісілердің әр қайсысы жарыс жолындағы әр команданың атымен аталатын болады.) Олар 1/8 финалдық ойындардың қарымта кездесуінде өзара жұп құрап бәсекеге түседі. Қай жеңгені ширек финалға жол тартады. 3. Ширек финалға шыққан сегіз оқырман чемпиондар лигасынағы жербе бойынша өзара жұпталып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. 4. Жартылай финал да дәл осындай тәтіппен өтіп, екі жеңімпаз мамыр айының соңында болатын финалда бақ сынайды. 5. Жеңімпаз «aladop.kz» сайытының атынан арнайы жүлдемен марапатталады. Ескертелер: 1. Болжам жасап болған соң,  қазір жарыс жолындағы командалардың бірін таңдаңыз. Егер екінші кезеңге өтіп жатсаңыз сол команданың атымен аталасыз. Екі адам бір команданы таңдаған жағдайда, ол команда қай бұрын таңдағанна тәуелді болады. 2. Егер бірінші кезең аяқталғанда екі қатысушының ұпайы тең түссе, бұнда да бұрын болжам жасағанның жолы болады. 3. Жарыс уақыты біршама ұзақ болғандықтан кейбір қатысушымыз ойынды жалғастыра алмай қалса, қарсыласы автоматты түрде келесі кезеңге өтеді. Сонымен болжам бұрышы сіздер үшін 19 ақпан, сағат 01:45 де ойын басталғанға  дейін ашық. Мына ойындар сіздердің сәуегей жолжамдарыңызды күтеді. Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасының жеребесі Қуанышхан ӨМІРХАН  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×