«Ой, Азияның» командасы ғой» деп «Қайратты» менсінбеуі де мүмкін? Сарапшылар алматылықтарды келесі кезеңге алып шығатын басымдықты айтты

20.08.2025, 11:17

Белгілі маман Болат Есмағамбетов «Селтик» - «Қайрат» кездесуіне қатысты пікірімен бөлісіп, командалардың мықты-осал тұстарына тоқталды.

«Ой, Азияның» командасы ғой» деп «Қайратты» менсінбеуі де мүмкін? Сарапшылар алматылықтарды келесі кезеңге алып шығатын басымдықты айтты
"Слован" - "Қайрат" кездесуі

Клубтардың алғашқы ойыны бүгін 23:15-те басталады.

«Бүгін «Селтикті» 60 мың жанкүйері қолдайды. Өз алаңында ойнаған соң допқа иелік етеді, түсінікті. Олардың мақсаты – бар мәселені бүгін шешіп алу болып тұр. «Барынша тиімді нәтижені жасап алсақ, 3-4 гол соғып алсақ дейді». Тіпті, «ой, Азияның» командасы ғой» деп «Қайратты» менсінбеуі де мүмкін. Бірақ, бұл алматылықтар үшін қол болуы ықтимал. Неге десеңіз, біздің команда қарымта шабуылда жақсы, алдыға қашып кететін футболшылар жетеді. Қорғаныста да жақсы ойыншылар бар. Мартынович, Тапалов шығады. Қазір «Қайраттың» шабуылы бабында. Жалпы, «Қайрат» бір гол айырмасымен ұтылса да ештеңе етпейді. Ал тең түссе, тіпті жақсы. Сөйтіп, Алматыда нүктесін қою керек. Шотландияда фаворит – «Селтик». Алматыдағы сөзсіз фаворит - «Қайрат». Бұл жерде кім өз алаңында көп гол салады, сол шығады. «Қайратымызға» сәттілік, жалғыз командамыз ғой енді. Чемпиондар Лигасының гимнін есігіміз келеді! Бізге де жақсы командалар келсе, керемет болар еді», - деді Б. Есмағамбетов.

Жауап кездесу 26-тамызда Алматыда болады.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×