Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы үздік ойыншылары анықталды

27.08.2021, 14:09
Әр позицияда үздік болған футболшылардың есімі белгілі болды.
Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы үздік ойыншылары анықталды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі кезінде УЕФА аталмыш турнирдің өткен маусымдағы үздік ойыншыларын анықтады.

Эдуард Менди Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы үздік қақпашысы ретінде танылды. "Челси" қақпашысы бұл сыйлық үшін таласта Эдерсон мен Тибо Куртуаны басып озды.

Ал үздік қорғаушы атағын Рубен Диаш жеңіп алды. Ол "Челси" қорғаушылары Сезар Аспиликуэта мен Антонио Рюдигерді артқа тастады.

Н'Голо Канте үздік жартылай қорғаушы атанды. "Челсидің" футболшысы өзінің командаласы Жоржиньо және Кевин де Брюйнемен бәсекелескен еді.

"Боруссия Дортмунд" ойыншысы Эрлинг Холанд үздік шабуылшы ретінде танылды. Ол Роберт Левандовски мен Килиан Мбаппені басып озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×