Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы үздік ойыншылары белгілі болды

02.10.2020, 04:10
Кевин Де Брюйне бұл рәсімге қатыса алмады.
Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы үздік ойыншылары белгілі болды

Бүгін Женева қаласында 2020/2021 маусымға арналған Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі өтті. Дәл осы рәсім кезінде өткен маусымның қорытындысы бойынша Чемпиондар Лигасындағы үздік ойыншылардың есімі белгілі болды.


"Бавария" қақпашысы Мануэль Нойер УЕФА нұсқасы бойынша 2019/2020 жылғы маусымның үздік қақпашысы деп танылды.

34 жастағы Нойер «Бавария» сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Мюнхендік клубтың мүшесі ретінде ол сегіз рет Германия чемпионы атанды, бес рет Германия Кубогын, бес рет Германия Суперкубогын, екі рет Чемпиондар Лигасын, сонымен қатар бір рет - УЕФА Суперкубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Одан бөлек, Нойер «Шальке 04» командасымен Германия лигасының кубогы мен Германия кубогын жеңіп алған және ең бастысы, Германия құрамасымен әлем чемпионы атанды.


«Бавария» футболшысы Йозуа Киммих - УЕФА нұсқасы бойынша 2019/2020 жылғы маусымның үздік қорғаушысы.

Йозуа Киммих Мюнхеннің «Бавариясына» 2015 жылы «РБ Лейпцигтен» ауысып келген. Чемпиондар лигасынан басқа, мюнхендік клубтың құрамында Киммих бес рет Германия чемпионатында және үш рет ел кубогында топ жарды. Германия чемпионатының соңғы маусымында Киммих «Бавария» сапында 33 матч өткізіп, 4 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Оның еншісінде Германия құрамасында өткізген 48 матч және 3 гол бар.


«Манчестер Ситидің» футболшысы Кевин Де Брюйне УЕФА нұсқасына сәйкес 2019/2020 жылны маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды.

2019/2020 маусымда Де Брюйне «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анридің Англия премьер-лигасындағы рекордын қайталап, 20 нәтижелі пас берген еді. Сонымен қатар, бельгиялық футболшы 13 гол соқты. Естеріңізге сала кетейік, Де Брюйне «Манчестер Сити» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді.


«Бавария» футболшысы Роберт Левандовски - УЕФА нұсқасы бойынша 2019/2020 жылғы маусымның үздік шабуылшысы.

Өткен маусымда Левандовски «Бавария» сапында барлық турнирлерде 47 матчта 55 гол және 10 голдық пас берген. Роберт Левандовски бұған дейін Германияның «Жылдың үздік футболшысы» атанған болатын. Дауыс беру Kicker неміс спорт журналистері қауымдастығының мүшелері арасында жүргізді. Дауыс беруге барлығы 526 журналист қатысты. Левандовскиге 276 адам дауыс берді. Оның командаластары Томас Мюллер (54 дауыс) және Йозуа Киммих (49) сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×