Чемпиондар лигасының соңғы турына болжам

Бүгін басты турнирде маңызды күн.
Чемпиондар лигасының соңғы турына болжам

«Байер» - «Брюгге»

«Байер» бұл ойында жеңіске жетіп, Еуропа лигасына жолдама жеңіп алуы ықтимал. Себебі, негізгі бәсекелес «Атлетико» Мадрид сыртта «Портумен» кездеседі. Диего Симионе командасы тең түсіп қалса, «Байер» жеңіске жетіп, үшінші орынға көтеріліп кетуі ықтимал. Себебі, екеуінің арасы небәрі 1 ұпай ғана. Зави Алонсо «БайАренада» Еуропа лигасының ойындарын өткізуіміз керек деп нық айтты. Сол үшін таласамыз, жанымызды саламыз дегенді де қоса кетті. Сол үшін болуы керек, соңғы турда «Лейпцигке» қонаққа барғанда Патрик Шик, Ходсон-Одой, Фримпонг секілді ойыншылар қосалқы құрамда қалды. Демек, бар күшті шабуылға салса неміс командасы плэй-оффқа шығып қойған «Брюгге» қақпасына 2 доп салуы ықтимал деген сөз ғой. Бірінші турда бұл екеуінің матчы 1:0 есебімен бельгиялықтардың еншісіне жазылыпты.

 «Марсель» - «Тоттенхэм»

«Д» тобында қазір жағдай шиеленісті. 4 команданың да плэй-оффқа шығатын мүмкіндігі бар. Мысалы, «Марсель» өз алаңында жеңіске жетсе 9 ұпаймен топтан шығады. «Тоттенхэмге» негізі тең ойынның өзі де жетіп қалуы ғажап емес. Бірақ, тең ойнай салып тәуекелге баруға болмайды. Екеуі де өл-тіріл жеңіске ойнайды.

«Марсель» чемпионатта «Страсбурмен» кездесті. Сырт алаңдағы матчта 2:0 жеңіп тұрды. Бірақ, 76 минутта бір гол, сосын, 94 минутта бір гол жіберіп алды. Ал «Тоттенхэм» болса керісінше, 0:2 жеңіліп жатып «Борнмутты» 3:2 жеңіп кетті. Екі команданың жағдайы екітүрлі. Алайда, ағылшын клубына сәл де болса бүйрек бұрылып тұр. Олардың бапкері Антонио Конте прагматикалық ойын ойнағанды ұнатады. Демек, ұзақ уақыт бойы матч тең өрбіп жатуы ықтимал. Есеппен ойнап, қорғанысты қымтап жүрсе олар қайдан 3 гол салады? Менің ойымша бұлар 2,5 тоталдан кем ойнайды.

«Бавария» - «Интер»

«Бавария» біріншілікте «Майнцты» 6:2 қылып сілкіп алды. Бұл жерде ойланатын нәрсе тек «Баварияның» сол 2 гол жібергені болып тұр. Демек, қорғаныста кішкене қателіктер бар деген сөз ғой. «Интер» гол салса, «Бавария» гол салса – керемет бір фестиваль болмай ма? Өйткені екеуі де бірінші және екінші орынмен шығып қойған. «Интер» жеңген күннің өзінде екінші орыннан көтерілмейді. Сондықтан да, матч тоталы 2,5 көп дегенді ала салуға болады. Айтпақшы, «Интер» осыдан кейін 6 қараша күні сыртта «Ювентуспен» ойнайды. Оны да ұмытпайық. Немістің аты неміс деп жай ғана алаң иелерінің 1,43 коэфицентке тең жеңісін де ала салсаңыздар болады ғой.

«Спортинг» - «Айнтрахт»

3 оқиғаға татитын матч. Яғни, алаң иелері немесе қонақ команда жеңуі мүмкін. Яки матч тең аяқталуы да қалыпты жағдай. Себебі, екеуінің де келесі кезеңнен үміті зор. Топтағы мәселе әлі шешілген жоқ. Португалдар да, немістер де 7 ұпайдан еншілеген. Бірақ, матч «Жозе Алваладе» стадионында өтеді. Екеуі де чемпионаттағы ойындарды «жәй-жәй увазбен» ойнады. Мына матчта барын салып көрмек. Матч тоталы 2,5 көп деген бәсті алуға тұрарлық деп есептеп отырмыз. Сәуегей Ораз ағаларымыз шабуылдан көз ашпаған ойын болады деп топшылайды.

«Виктория» Плзень – «Барселона»

Бұл жерде бәрі анық. «Барселона» үшінші орыннан көтерілмейді де, түспейді де. Еуропа лигасына жолдама алып қойған. Хави шәкірттерінің біршамасына демалыс бермекші. Өйткені, «Валенсияға» қарсы өткен матч ауыр тиді. «Блауграна» 94 минутта Роберт Левандовскийдің голының арқасында әзер дегенде жеңіске жетті. Сол Роберт мына матчқа қатыспайды екен. Уефа ресми сайты солай жазып отыр. Алаңға шығатын ойыншылар тізімі шамамен мынандай болуы ықтимал дейді:

Пенья; Бельерин, Пике, Алонсо, Бальде; Гави, де Йонг, Кесси; Фати, Ферран Торрес, Рафинья

Мынандай құраммен ойнаса «Викторияда» ойқұастайтын мүмкіндік болып қалатын шығар а? Соңғы матч. Өз алаңыңда болып жатқан кездесу. Есікті тарс дегізіп жауып, бір гол салса қайтер екен. Осындай бір романтикалық бәске бас ұрдым. «Виктория» гол салады иә – 1,64 еді жаңа ғана түсіп 1,54 болып қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×