Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең жылдам соғылған жеті гол

Салахтың 55-секундта соққан голының өзі жылдам соғылған 20 голдың тізіміне де кірмеді.
Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең жылдам соғылған жеті гол

2020 жылғы Чемпиондар лигасының топтың кезеңінің соңғы турында "Ливерпуль" "Мидтьюлландпен" кездесті. Клопп шәкірттері соңғы ойынға дейін-ақ топтағы бірінші орынды қамтамасыз еткен еді, бірақ соған қарамай "Ливерпуль" алғашқы минутта есеп ашты. Дәлірек айтқанда, 55-секундта. Салах айып алаңына жүгіріп барып, допты қақпашының жанынан өткізіп жіберді. Бұл "Ливерпуль" үшін турнир тарихындағы ең жылдам гол болды.

Алайда, бұл гол турнир тарихындағы ең жылдам соғылған 20 голдың ішіне де кірмейді. Aladop.kz сайты ең жылдам соғылған 7 голды назарларыңызға ұсынады:

7. Давид Алаба (24.18 секунд)

"Бавария" - "Ювентус" - 2:0

3 сәуір 2013 ж.


ХХІ ғасырдағы ең керемет қақпашылардың бірі Буффон таңқаларлық қателік жіберді. Алаба шамамен 35 метрден соққы жасады. Қақпашының бұл соққыға реакция жасауға уақыты болды, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Мүмкін ол соққыны қорғаушы жауып тастағандықтан көрмей қалғар шығар, соның әсерінен доптың траекториясын болжау қиынырақ болды.

6. Диого Ринкон (24.00 секунд)

"Динамо Киев" - "Фенербахче" - 3:1

9 тамыз 2006 ж.

Бұл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін матч болды. Украиналық клуб "Фенербахчені" Ринконның дубльі арқылы жеңді. Бразилиялық футболшы алғашқы голды "Фенербахче" қақпашысының қателігінен кейін соқты.

5. Кларенс Зеедорф (21.06 секунд)

"Шальке" - "Милан" - 2:2

28 қыркүйек 2005 ж.


Голға дейін "Милан" ойыншылары допты екі рет ойынға қосты - алаң ортасынан және ауттан. Зеедорф Какадан пас алып, 33 метрден соққы жасады. "Шалькенің" қақпашысы Рост допқа қол созды, дегенмен де доп қақпа торынан табылды.

4. Алессандро Дель Пьеро (20.12 секунд)

"Манчестер Юнайтед" - "Ювентус" - 3:2

1 қазан 1997 ж.

Бұл осы тізімдегі ең әдемі гол шығар. Дель Пьеро Шмейхельді жалған әрекетпен алдап, бос қақпаға гол соқты. Алайда Алессандроның да, Зиданның да голы "Манчестер Юнайтедтен" ұпай алуға көмектескен жоқ.

3. Жилберто Силва (20.07 секунд)

ПСВ - "Арсенал" - 0:4

25 қыркүйек 2002 ж.


ПСВ ойыншылары "Арсеналдан" 20 секунд ішінде екі рет допты тартып алып үлгергенімен, бірден жоғалтып алды. Нәтижесінде Жилберто Силва қарсыластың айып алаңына еш қиындықсыз кіріп, бос қақпаға гол соқты.

2. Жонас (10.96 секунд)

"Валенсия" - "Байер Леверкузен" - 3:1

1 қараша 2011 ж.

"Байер Леверкузен" допты ойынға қосты - шабуылшы допты қорғаушыға берді, ал ол қақпашы Леноға берді. "Арсеналдың" қазіргі қақпашысы өрескел қателік жіберіп, допты Жонасқа беріп қойды. Ал Жонас айып алаңына кірмей-ақ допты қақпа торында тулатты.

1. Рой Макай (10.12 секунд)

"Бавария" - "Реал Мадрид" - 2:1

7 наурыз 2007 ж.


Роберто Карлос Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық матчында допты алтыншы секундта жоғалтып алды. Сол сәтте алаң иелерінің шабуылы басталды: Салихамиджич айып алаңына жерлете пас асырды, ал Макай бір қимылмен-ақ гол соқты. Бұл матчтың 11-секунды еді және бүгінгі күнге дейін қаймағы бұзылмай келе жатқан рекорд.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×