Чемпиондар Лигасының тарихын жаңартты!

“Қайрат” командасы биылғы Чемпиондар Лигасындағы жақсы көрсеткіштерінің арқасында Молдова чемпионының нәтижесін қайталады. 

Чемпиондар Лигасының тарихын жаңартты!

Алматылық ұжымы 2021 жылы “Шерифтен” кейін бірінші айналымнан бастап Чемпиондар Лигасының топтық/жалпы кезеңіне шыққан алғашқы команда атанды. 

Уразбахтин шәкірттері бұл жолда “Олимпия” “Любляна” (3:1), КуПС (3:2), “Слован” 1:1 (пен: 4:3),  “Селтик” 0:0 (пен: (3:2).

Ал "Шериф" ұжымы болса, топтық кезеңге дейін “Теута” (5:0), “Алашкерт” (4:1), “Црвена Звезда” (2:1) және “Динамо Загреб” (3:0) ұжымдарынан басым түсті. 

Бір қызығы, Тирасполь командасы сол кездегі топтық кезеңде “Реал Мадридті” “Сантьяго Бернабеуде” 1:2 және Донецкілік “Шахтерді” 2:0 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын.

Еске салсайық, 28 тамыз, сағат 21:00-де Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылады. Жеребеге 4 себетте орналасқан “Қайрат” командасы да қатысады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×