Монакода өткен жеребе нәтижесінде “Қайраттың” қарсыластары анықталды
Жеребеге сәйкес, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 4 матч үйде және 4 матч түзде ойнайды.
1-себет
“Реал Мадрид” (Испания) - өз алаңында
“Интер” Милан (Италия) - сырт алаңда
2-себет
"Арсенал" (Англия) - сырт алаңда
"Брюгге" (Бельгия) - өз алаңында
3-себет
“Спортинг” (Португалия) - сырт алаңда
“Олимпиакос” (Грекия) - өз алаңында
4-себет
“Пафос” (Кипр) - өз алаңында
“Копенгаген” (Дания) - сырт алаңда
Айтпақшы жеребе тарту рәсімін әлемнің футбол жұлдыздары, дәлірек айтқанда "ПСЖ" командасымен Франция чемпионатының 4-дүркін жеңімпазы - Златан Ибрагимович пен 2007 жылғы Алтын Доп жүлдесінің иегері Рикарду Кака жүргізді. Аталған экс-ойыншылар қазақстандық клубтың жалпы кезеңдегі қарсыластарын анықтап берді.
"Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы матчтарының күнтізбесі алдағы екі-үш күнде УЕФА-ның ресми сайтында жарияланады.