Чемпиондардың алдағы мақсаттары жарияланды

Бүгін, 20:24

Алматылық "Қайраттың" Финляндиялық жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен клубтың алдағы маусымға деген жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Чемпиондардың алдағы мақсаттары жарияланды

SPORT+ сайтына берген сұхбатында легионер команданың жанкүйерлер алдындағы жауапкершілігі мен халықаралық аренадағы амбициясы туралы айтты.

Оксанен жаңа маусымның шымылдығын ашатын Суперкубок бәсекесінің маңыздылығына тоқталды:

"Мен Суперкубок жолындағы жеңістің жанкүйерлер мен Алматы қаласы үшін қаншалықты құнды екенін жақсы түсінемін. Сондықтан біз бұл матчта міндетті түрде жеңіске жетуіміз керек.” — деді футболшы.

Өткен маусымда алтыннан алқа таққан “Сары-Қаралар” биыл да биіктен көрінуді көздейді. Оксаненнің айтуынша, команданың алдында екі үлкен міндет тұр:

– Алтынды сақтап қалу: Қазақстан чемпионатындағы чемпиондық атақты қорғап, көшбасшылықты бермеу.

– Еуропада сәтті өнер көрсету: Еурокубоктарда лайықты ойын көрсетіп, жанкүйерлерді қуанту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×