Чемпиондыққа талас жолы “Тобылға” оңай келмейтін болды

Қостанайлық команданың кейінге қалдырылған бір кездесуінің өтетін күні белгілі болды.

Чемпиондыққа талас жолы “Тобылға” оңай келмейтін болды

Әңгіме “Тобылдың” “Ордабасымен” мамыр айында өтуі тиіс болған чемпионаттың 9-ьуо кездесу жайында болмақ. Шымкенттік команда ойын болатын күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты Түркістаннан Қостанайға жете алмаған еді. Қарсылас пен Федерация тарапы “Ордабасыға” түсіністікпен қарайласып, матчты кейінге қалдырды.

Енді міне, аталған матч 24 қыркүйек күні сағат 19:00-де “Тобылдың” Орталық стадионында өтеді. 

Чемпиондыққа жақындап келе жатқан сары-жасылдарға “Ордабасыдан” кейін “Астана” қарсы тұратынын ескерсек, Нұрбол Жұмасқалиевке командасына оңай болмасын түсінеміз. Одан тағысы, “Ордабасы” мен “Тобыл” ішкі чемпионаттан бөлек, Қазақстан Кубогының финалында бақ сынасатынын айта кетейік. 

Қазірде “Тобыл” ҚПЛ 44 ұпаймен турнир кестесінде 3 орында келеді. Бір мен екінші орында тұрған “Астана” мен “Қайрат” еншісінде 46 ұпайдан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×