Қазақстан құрамасының бас бапкері ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
- Әлбетте, қарсыласымыздың мықты екенін біліп шықтық. Олардың ЕУРОдағы ойынын өздеріңіз көрдіңіздер. Құрамы өте күшті ойыншылардан жасақталған. Оның үстіне біз қазір жоғарғы лигада ойнап жатырмыз. Өткен жылы біз төменгі топта болғанбыз. Мұндағы қарсыластардың деңгейі анағұрлым жоғары екенін анық аңғаруға болады. Десе де, біз қорғаныста қамалып қалмай, шабуылдар ұйымдастырдық. Қарсылас қақпасының алдына дейін бірнеше рет бардық. Исламханға бүгін 45 минут уақыт бердік. Алдағы уақытта ол ойынын одан әрі күшейтеді деген ойдамыз. Шабуыл шебінде қақпаға соққылар бағыттай алмадық. Әйтпесе қалғаны жаман емес. Одан әрі де 4 қорғаушымен ойнап, бағымызды шабуылдан іздеуіміз керек. Әйтпесе 8 адаммен қорғанып, тең түсуге де болады. Бірақ, одан не пайда? Одан да шабуылдап үйреніп, қарсылас қақпасына гол салуды ойлауымыз қажет.
Біздің серіктес: FONBET