Черчесов ел құрамасының бапкері атану үшін елордасы Астанаға келді

60 жастағы ресейлік маман Станислав Черчесов Қазақстан футбол федерациясымен қорытынды келіссөздер жүргізу мақсатында ел астанасына қонақтап келді. 

Черчесов ел құрамасының бапкері атану үшін елордасы Астанаға келді

Бапкер Қазақстан құрамасымен 2+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырады. Соңғы рет ресейлік маман венгриялық “Ференцварош” клубын жаттықтырды. Черчесов мажарлардың бірнеше дүркін чемпионын 2021 мен 2023 жыл аралығында тізгіндеді.

2016 жылдың тамыз айымен 2021 жылдың шілде айында Станислав Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінде болды. Көршілес елдің ұжымы бапкердің баптауында 2018 жылғы Әлем Чемпионатының 1/4 финалына дейін жетті. 

Еске салайық, мамыр айының аяғында отбасылық жағдайға байланысты ел құрамасы бапкері қызметінен Магомед Адиев кеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 3
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×