Станислав Черчесов жаттықтыратын “Ахмат” клубы осы маусымда жеңіліссіз келеді.
Грозный ұжымының бапкерлік қызметінде Черчесов 44 жастағы Александр Сторожукты алмастырған болатын.
Сол сәттен бері “Ахмат” ішкі чемпионатта 6 матч қатарынан жеңілмеді. Біріншілік барысында Грозныйлық команда “Зенит” (1:0), “Крылья Советов” (3:1), “Оренбург” (2:2), “Ростов” (1:1), “Локомотив” (1:1), Пари НН (2:1) ұжымдарынан басым түсті.
Келесі кездесуі Черчесов шәкірттері 27 қыркүйек күні тольяттилік “Акронға” қарсы өткізеді.
Еске салсақ, 2024 жылдың жаз айында Станислав ел құрамасының бапкерлік қызметіне тағайындалған болатын. Ресейлік маман құрама тізгінінде 6 матч өткізіп, 1 ойында тең, қалған 6 жеңіліс тапты.