Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов баспасөз-мәслихатында Словенияға қарсы кездесудің дайындық барысы жайлы айтты.
Сондай-ақ, ресейлік маман маңыздың матчқа қатысатын футболшылардың бабы мен Бахтиер Зайнутдиновке ерекше тоқталды.
«Біздің жаттығуға оптикалық тұрғыда көз тастаймын, ал футболшылардың жай-күйі жайлы ақпаратты медициналық штаб артынан мәлімдемек. Біздің шешіміз осыған байланысты болады. Футболшылармен әңгімелесетін уақытымыз жеткілікті. Ойынға дайындап отырған кереметтей жоспарымыз туралы айтпаймын. Кей футболшылар өз клубтарында көп ойнайды, кейбірі керісінше. Бахтиер туралы дәрігерлер не айтарын тыңдап көреміз, оның доп теппегеніне де біраз уақыт болыпты. Құрамда өзгерістер орын алуы мүмкін, ротация үшін ротация жасаудың не қажеті бар? Барлық футболшы алаңға шығу үшін жаттығады, тырысады. Футболдың өз ерекшелігі бар, үнемі бір ғана футболшылардың өнер көрсете беруі деген нәрсе болмайды», - деді С.Черчесов.
Айта кетейік, бүгін түнде ұлттық құрама Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында болады. Ойын - сағат 23:45-те басталады. Естеріңізде болса, жұма күні Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшылар Алматыда Норвегияны қабылдап, ұпай бөлісті (0:0).
Біздің серіктес: FONBET