Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов футболға енген VAR жүйесіне өзінің қарсылығын білдірді. Ресейлік БАҚ-на берген сұхбатында Станислав Саламұлы VAR қазіргі футболдың соры депті.
“Футболда жеңіске жетуі тиіс команда қалайда өз дегеніне жетеді. Ойынды 20 минуттап тоқтатып, бейне қайталау көру бос әурешілік дер едім. Бұл жүйе футболдың шынайы эмоциясын құртты. Бұрын төрешінің шешіміне бәрі көнетін. Қазір жапатармағай VAR қара деп төрешіні қаумалап алады. Ол да құлағы елеңдеп, экран алдында отырған әріптестерінің шешімін күтіп тұрады. Сөйтіп жүріп қателеседі ғой. Сондықтан қазір төрешінің қадірі қалмады. Сосын бір пенальти қою үшін жүз рет қайталауды көріп тұратындарына таңым бар. Пенальти дегенді бір қарағаннан белгілеу керек деп ойлаймын”-дейді ресейлік маман.
Біздің серіктес: FONBET