Черчесовтың құрама бапкері тізгініндегі алғашқы ойыны сәтті өтті

Қазақстан өз алаңында Ұлттар Лигасы аясында Норвегиямен тең тарқасты.

Черчесовтың құрама бапкері тізгініндегі алғашқы ойыны сәтті өтті

Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесуде қонақтар қанша шабуылдағанымен нәтиже шығара алмады. Ел құрамасының қорғаушылары мен жартылай қорғаныстағы ойыншылары сауатты ойнай алды. Аты-шулы Эрлинг Холандта атап айтар мүмкіндіктерімен көзге түспеді. Тамаша сәттің өзінде шабуылшы қақпа бағанасына тигізіп, бармақ шайнап қалды. 

Осы кездесуден кейін біздің жігіттер Ұлттар Лигасындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. 

9 қыркүйек күні Қазақстан “Стожице” стадионында Словения командасымен бақ сынасады. Аталған ойын сағат 23:45 өз бастауын алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×