“Черноморецке” тиесілі қазақстандық футболшы командасыз қалды

Давид Есімбеков ендігәрі ресейлік клубқа тиесілі емес.

“Черноморецке” тиесілі қазақстандық футболшы командасыз қалды

Естеріңізде болса, 21 жастағы жас ойыншыны 2024 жылдың ақпан айында “Жетісудан” “Черноморец” сапына 30 мың еуроға сатылған болатын. Бірақ Давид Теңізшілер сапында тек 1 ойын ғана өткізіп, қалған маусымдарда “Жетісу” және “Жеңіс” сапында жалға жүрді. Жалпы Премьерде Есімбеков 46 матч өткізіп үлгерді.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Давид Қазақстанның U21 командасында Венгрияға қарсы кездесуде дебют жасады. Содан бері жартылай қорғаушы жастар сапында 9 ойын өткізді.

Керек болған жағдайда қаптал вингері болыпта өнер көрсете алатын Есімбековты Transfermarkt порталы 150 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×