Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы Дастан Сәтпаевтің «Чесли» командасына ауысу құны ел футболындағы рекордты жаңартпақ. Ағылшындар талантты қазақ аяқдопшысы үшін бұры-соңды болмаған мол қаражат бермек.
«Аристократтар» Сәтпаевтың трансферін 4,3 миллион евроға бағалап, «Қайратпен» келісімге келіп отыр. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицо Романо өз әлеуметтік парақшасында жариялап, трансферді растады. Бірақ, 16 жасар сұрмерген кәмелет жасына толғанша «Қайрат» сапында ойнауы мүмкін. Яғни, Челсимен 5 жылдық келісім-шарт 2026 жылы күшіне енеді. Оған дейін «көктер» Дастанды алматылықтарға жалға береді деген ақпарат айтылуда.
Жалпы футболдан Қазақстан чемпионатының тарихында ең үлкен трансфер бұған дейін «Астана» ФК шабуылшысы Патрик Твумасиде болған. Елордалықтар Патрикті 3 миллион еуроға Ла Лиганың «Алавес» клубына сатқан. Ал қазақстандық аяқдопшылардың ішінде Нұралы әліп үшін «Зенит» 2 миллион еуро берген.
Біздің серіктес: FONBET