Шотландия төрінде доп теуіп жүрген отандасымыз Ислам Чесноков кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
30-тур аясында оның клубы "Хартс" сырт алаңда "Килманрокқа" (0:1) есе жіберді.
Кездесу тағдырын 17-минутта "Килманроктың" Эстониялық шабуылшысы Микаэль Шённинг-Ларсен соққан жалғыз гол шешті. Қазақстандық футболшы алаңға екінші таймның басында, 49-минутта шықты. Қызығы, Ислам бұл жолы өзі үйренген қанаттағы жартылай қорғаушы емес, шабуылшы позициясында бағын сынады.
Flashscore порталы Чесноковтың ойынына 6,3 балл берді.
Ислам бойы қатты ұзын емес болса да әуедегі жекпе-жектің үшеуінде де жеңіске жетіп, 100 пайыздық нәтиже көрсетті. Ал, жердегі 9 допқа таластың тек екеуінде ғана басым түсті.
Одан бөлек, 13 пастың 8-і дәл жеткізіп, (62%) 29 рет допқа тигенімен, қарсылас қақпасына бірде-бір соққы бағыттай алмады және бір рет алдап өтуге талпынғанымен, ол сәтсіз аяқталды.
Ислам Чесноковтың "Хартс" сапындағы бесінші матс осылай аяқталды.