Чесноков сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

07.07.2025, 13:00

Қазақстан ұлттық құрамасының және "Тобыл" командасының шабуылшысы 25 жастағы Ислам Чесноков сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.

Чесноков сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Бұл қуанышты жаңалықты футболшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол романтикалық сәттің суреттерін жариялап, көпшіліктің ыстық лебізіне ие болды. Кадрлардан Исламның гүл шоқтарын ұстап, бір тізерлеп тұрып ұсыныс жасап жатқанын көруге болады. Сүйіктісі де оның ұсынысын қабыл алып, екеуі құшақтасып тұрған сәттері жанкүйерлердің жүрегін елжіретті.

Чесноковтың бұл өміріндегі маңызды қадамына байланысты жанкүйерлер, достары және командаластары құттықтауларын жаудырып жатыр. Барлығы да жас жұпқа бақыт пен мәңгілік махаббат тілеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×