“Хартс” Шотландия чемпионатында Фолкирктен басым түсті (1:0).
Tynecastle Park стадионында болған кездесудің тағдырын тек бір гол шешті. Бастапқы құрамда алаңға шыққан Ислам Чесноков бірінші тайм аяқталар тұста Фолкирк қақпасынан саңылау тапты. Аталған кездесуде отандасымыз өз ұжымының допқа талас жүргізу және соққы жасау көрсеткіші бойынша үздігі атанды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы “Хартстың” “Фолкирк”, “Хиберниан” және “Рейнджерске” қарсы ойындарына қатысып, ешқандай нәтижелі әрекет тіркей алмады.
Қазірде Эдинбург командасы 60 ұпаймен Скотиш Премьершиптің көшінде келеді. Дерек Маккинес шәкірттерінің артынан 5 ұпай айырмашылығымен “Глазго” Рейнджерс келеді.