Шотландиялық "Хартс" клубының бас бапкері Дерек МакИннес Қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың трансферіне қатысты шыққан қауесеттерге пікір білдірді.
"Чесноков бізбен келісімшартқа қол қойған, және барлық келіссөздерде ол қаңтар айын асыға күтетінін айтты. Біз бұл жағдайға толық сенімдіміз.” — деп атап өтті бас бапкер.
Дерек МакИннес ойыншының командадағы рөлі жайлы да сөз қозғады:
"Ол біздің басымдық ретінде қарастырған негізгі позиция. Қазір барлық формалдық жұмыстар аяқталуға жақын. Алдын ала келісімшарт ойыншының шынымен келетінін растайды.” — деді ол Edinburghnews.scotsman.com сайтына берген сұхбатында.
Осылайша, "Хартс” клубы Ислам Чесноков трансферінің сәтті жүзеге асатынын және ойыншы қаңтар айында толық дайындыққа қосылатынын ресми түрде растады.