Чили құрамасы Америка Кубогыны жеңімпаздары атанды. Турнирді өз елдерінде қабылдаған чилиліктер финалда Аргентинаны жеңді. Негізгі және қосымша уақыттар 0:0 есебімен тең аяқталып, чемпион ойын соңындағы пенальтиде анықталды. Пенальти сериясында алаң қожайындары Чили 4:1 есебімен Аргентина аяқдопшыларынан басым түсті. Матчтың үздік ойыншысы Артуро Видаль. Және Браво турнирдің үздік қақпашысы атанды.
Чили құрамасы Америка Кубогының жеңімпаздары ретінде 2017 жылы Ресейде өтетін конфедерация Кубогына қатысады.
Америка кубогы. Финал4 шілде, Сантьяго, стадион "Эстадио Насьональ Хулио Мартинес". Чили — Аргентина — 0:0 (пен. 4:1)
1:0 - Фернандес,
1:1 - Месси,
2:1 - Видаль,
2:1 - Игуаин(жоғары),
3:1 - Арангис,
3:1 - Банега(қақпашы),
4:1 - Санчес
Ескертулер: Сильва, 24; Медель, 34; Диас, 44; Арангис, 86 — Рохо, 55; Маскерано, 55; Банега, 91.
Ерден НҰРАХМЕТ