Чинеду -  “Астана” тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізіміне енді

Нигериялық Джеффри Чинеду “Астана” сапындағы 20 голын соқты. 

Чинеду -  “Астана” тарихындағы ең үздік сұрмергендер тізіміне енді

Шабуылшы кеше Премьер-лиганың “Жетісуге” қарсы ойынының 68 минутында ерекшеленді. Сол арқылы Чинеду елорда командасының ең үздік сұрмергендері тізімінде 10 орынға шықты. Ал тізімнің көш басын Чинедудың қазіргі командаласы Марин Томасов бастап тұр. Хорват “көк-сарылар” жейдесінде өткізген 285 кездесуде 117 гол соққан екен. 

Еске салайық, нигериялық Джеффри “Астанаға” Қытай чемпионатынан 2024 жылы ауысып келген болатын. Өз мансабында  Чинеду “Ляонин Тиерен” ұжымынан басқа, солтүстік македониялық “Работнички”, украиналық “Нарва”, финляндиялық “Лахти” клубтарында өнер көрсетті. 

Айта кетейік, шабуылшы Премьер-лиганың осы маусымында 16 ойын өткізіп, соның 5 гол авторы атанды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×