
"Бенфика" клубының 15 жастағы Қазақстандық вингері Чингиз Аликеевтің әкесі Ануар Аликеев ұлының әйгілі Португалиялық клубтың академиясына қалай қосылғаны туралы айтып берді.
"Эшторил” клубында ұлым әр ойында дерлік гол соғып, вингерлер арасында ең нәтижелі ойыншы атанды. Оны алғашында "Брага" клубы байқап, біз сол жақта бір апталық сынақтан өтуіміз керек болды. Бұл жаңалыққа қуандым, себебі "Браганың” иесі – "ПСЖ” клубына қарасты Qatar Sports Investments қоры.
Біз сол клубқа ауысуға дайындалып жүргенде, 26 мамырда жексенбі күні Чингиз матч өткізді, ал сейсенбі күні координатор маған қоңырау шалып: "Сіздерді "Бенфика" қатарларына қосқысы келеді, құттықтаймын!" – деді.
Мен бірден одан: “Сіздің ойыңызша, қай клуб дұрыс таңдау? деп сұрадым, ол: "Шынымды айтсам, білмеймін… Бірақ сіздер Лиссабонда тұрасыздар ғой? Оның үстіне, "Бенфика" – ең жоғары деңгейдегі клуб. Бұдан асатын жер жоқ." – деді. Олардың мыңнан астам скауттары бар, олар әр сенбі-жексенбі сайын түрлі командаларды аралап, таланттарды іздейді", – деді Аликеев.
Чингиз Аликеев Астана қаласында дүниеге келген. 2022 жылы Португалияға қоныс аударып, "Эшторил” академиясында қабылданған. Өткен жазда ол "Бенфика” академиясына ауысып, 2024 жылдың наурыз айында Қазақстанның U-16 құрамасы сапында дебют жасады.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET