Чондрич - қазақстандық клубтардың еурокубоктердегі топ-6 қақпашылары тізіміне енді

31.07.2024, 21:53

30 жастағы қақпашы Йосип Чондрич қазақстандық клубтар үшін еурокубокте ең көп ойын өткізген қақпашылар тізіміне енді.

Чондрич - қазақстандық клубтардың еурокубоктердегі топ-6 қақпашылары тізіміне енді

“Астана” сапында Чондрич еурокубоктегі алғашқы кездесуін 2023 жылдың жазында өткізді. Елордалық ұжым сол кезде “Динамо” Тбилисиге қарсы тұрды (1:1). Хорватиялықтың Бабаян жаттықтыратын клубта жүреніне екінші маусым болды. Бүгінгі күнге дейін Чондрич қазақстандық ұжымда 15 ойын өткізіп, 29 гол жіберді.

Қақпашы: 

1.Эрич Ненад - 68 ойын, 91 гол жіберді

2.Мокин Александр - 39 ойын, 58 гол жіберді

3. Сидельников Андрей - 36 ойын, 50 гол жіберді

4.Покатилов Стас - 32 ойын, 49 гол жіберді

5. Плотников Владимир - 19 ойын, 16 гол жіберді

6.Чондрич Йосип - 15 ойын, 29 гол жіберді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Астана
Серіктес жаңалықтары
×