Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония құрамасы өз алаңында Қазақстанды қабылдайды.
Бұл ойын 36 мыңнан астам жанкүйерді сыйдыра алатын «Тодор Проэски» стадионында өтеді. Дәл осы жасыл алаңда 2017 жылы «Реал Мадрид» пен «Манчестер Юнайтед» өзара Еуропаның Суперкубогына таласқан.
Осы орайда бүгінгі ойынның билеттерінің бағасы да мәлім болды. Матч билеттері FFM бағдарламасы арқылы онлайн-сатылымнан бөлек, стадион қасындағы кассадан да сатып алуға болады.
Билеттер келесі бағамен сатылады:
Солтүстік және Оңтүстік трибуналарға - 50-400 денар аралығы;
Батыс трибунасы - 300 денар
1 денардың құны 10 теңгені құрайды.
Матч бүгін түнгі 23:45-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.