Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония құрамасы өз алаңында Қазақстанды қабылдайды.
Сырт алаңда Бельгиямен сенсациялық түрде тең түскен Солтүстік Македония құрамасы өз тобында 1-орынын сақтап қалды. Енді әлем чемпионатына шығу үшін, олар Қазақстан мен Уэльсті жеңуі қажет. Алайда Қазақстанға қарсы кездесуде алаң иелері фаворит саналса да, 8 бірдей ойыншысы сары қағаз алып қалу қаупі туындап тұр. Егер Солтүстік Македония сақтанып ойнамаса, Уэльске қарсы матчта толыққанды футболшыларын шығара алмай қалуы әбден мүмкін. Одан бөлек, алаң иелері сапынан қорғаушы Висар Муслуи жарақаттанып қалды.
Ал Қазақстан құрамасы сапынан бүгін Дастан Сәтпаев, Рамазан Оразов сынды белді футболшылар матчқа қатыса алмайды.
Матч бүгін түнгі 23:45-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.