Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турындағы ойында семейлік «Елімай» өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдады.
Бастапқы минуттарда «Елімай» аздаған басымдық танытып, 13-минутта Иван Свиридовтың соққысымен есеп ашты. Алаң иелері осы есеппен ойынның негізгі уақытының соңына дейін жеткенімен, «Жеңістің» қысымдары соңғы минуттарда өз жемісін берді. 89-минутта Элгуджи Лобжанидзе есепті теңестірсе, 90+3 минутта Адилио жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп: 1:2.
«Елімай» — «Жеңіс» 1:2 (1:0)
Голдар: Свиридов 13 (1:0), Лобжанидзе 90 (1:1), Адилио 90+3 (1:2)
Бұл жеңістен кейін елордалықтар 23 ұпай жинап, турнир кестесінде «Ордабасыны» қуып жетті. Ал семейліктер 25 ұпаймен 5-орында қалды.