Cтарков Латвия құрамын жариялады

16.02.2012, 02:41
Cтарков Латвия құрамын жариялады
Футболдан Қазақстан құрамасы ақпанның 29-ында Латвия құрамасымен жолдастық кездесу өткізетіні белгілі. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранектің тізімін жариялағанбыз. Іле-шала артынан Латвия құрамасы да Қазақстанға қарсы тұрар жігіттерін анықтады. Қазақстан құрамасымен қатар Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізетін Латвия құрамасынан бұл жиынға 22 футболшы шақырту алыпты. Барлығы сегіз чемпионаттың өкілдері. Латвиядан бастап, Өзбекстан, тіпті Англия біріншілігінде доп тебетін футболшылары да бар. Сонымен, 29 ақпанда «Ататүрік» стадионында өтетін Қазақстан – Латвия матчына латыштар сапында мына ойыншылар алаңға шығуы мүмкін. Қақпашылар: Андрис Ванинс («Сьон» Швейцария), Павелс Дорошевс («Габала» Әзірбайжан), Германс Малинс («Сконто» Рига). Қорғаушылар: Оскарс Клява («Химки» Ресей), Каспар Горкш («Рединг» Англия), Денис Иванов («Бакы» Әзірбайжан), Ритус Кряуклис («Металлург» Лиепая), Виталиус Смирновс («Вентспилс»), Владимир Беспалов («Вентспилс»), Александр Фертов («Сконто» Рига). Жартылай қорғаушылар: Аланс Синельниковс («Сконто» Рига), Алексей Вишняков («Краковия» Польша), Олег Лайзанс, («Легия» Польша), Андрей Рубин  («Семург» Әзірбайжан), Ритварс Ругинс  («Ильичевец» Украина), Андреюс Коваловс («Даугава» Даугавпилс), Артурс Зюзинс («Балтика» Ресей), Шабуылшылар: Андреюс Переплетникс («Насаф» Өзбекстан), Эдгарс Горакс («Енисей» Ресей), Артем Руднев  «Лех» (Польша), Иван Лукьянов  («Легия» Польша), Бас бапкер – Александр Старков http://kff.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×