«Дәл қазір құрамада ондай адам болмай тұр...» Сарапшылар ұлттық команданың осал тұсын айтты

12.10.2025, 12:19

Белгілі жаттықтырушы Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы кездесуін қортындылап, пікірімен бөлісті.

«Дәл қазір құрамада ондай адам болмай тұр...» Сарапшылар ұлттық команданың осал тұсын айтты
Қазақстан - Лихтенштейн кездесуі

Ұлттық құрама ӘЧ іріктеуінде қарсыласын 4:0 есебімен ұтқан болатын. Ертең сырт алаңда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.

«Жаңа ештеңе байқамадым – әрқайсысы сол өзінің позициясында ойнап жүрген сол баяғы футболшылар. Тек сол ойынның схемасы қарсыластың деңгейіне қарай ауысып отырады демесеңіз, таңқалатындай ештеңе көрмедім. Лихтенштейнді ұту керек болды сондықтан шабуылға көңіл бөлді, ал Бельгияға қарсы түсінікті негізінен қорғанысқа жақын футболшылар алаңға шығады дегендей. Бір өкініштісі Тағыбергеннің жоқтығы байқалды. Стандартты жағдайларды орындайтын адам керек-ақ. Дәл қазір құрамада ондай адам болмай тұр. Ал былай құрама сол баяғы құрама, Лихтенштейнмен ойында жігіттер тек жеңіс үшін ойнады. Қалған жағынан өзгеріссіз. Қандай осал тұсымыз бар, қандай бапкер керек? Солтүстік Македониямен матчты асықпай күтейік, барлығын содан кейін білеміз», - деді танымал маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.   

ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында сынға түсіп, 6 ұпаймен ең соңғы орындардың бірінде келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×