Дәл осы үш ұжым ҚПЛ-2025-тің «алтынын» өзара сарапқа салады. Танымал маманның болжамы

28.02.2025, 11:57

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов биылғы біріншіліктегі бас жүлдеден үміткер командаларды атады.

Дәл осы үш ұжым ҚПЛ-2025-тің «алтынын» өзара сарапқа салады. Танымал маманның болжамы
"Астана" - "Лудогорец" кездесуі

«ҚПЛ-дің жаңа маусымында чемпиондықтан басты үміткер 3 команданы атар едім, олар алматылық «Қайрат», елордалық «Астана» мен семейдің «Елімайы». Осы үш команданың бапкерлік құрамының ауыспағанын ерекше атап өту керек. Осының өзін белгілі бір деңгейдегі тұрақтылықтың белгісі деуге болады. Меніңше, дәл осы үш ұжым ҚПЛ-2025-тің «алтынын» өзара сарапқа салады», - деді отандық маман.      

ҚПЛ-2025-тің шымылдығы ертең ашылады. Маусымашар матчтар наурыздың бірі басталып, екі күнге жалғаспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 5
Күлкілі 8
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×